Сәрсенбі, 30 Қазан 2024
Жаңалықтар 3020 0 пікір 19 Ақпан, 2016 сағат 09:39

АСТАНАДА "ТАБЛИҒИ ЖАМАҒАТ" МҮШЕЛЕРІ СОТТАЛДЫ

5 адам қылмыстық іс бойынша елде тыйым салынған экстремистік ұйымның қызметіне байланысы бар деп танылды.

Астана қалалық № 2 Сарыарқа аудандық сотының судьясы Ұмсын Мұқанғалиева 32 жастағы Халымбахи Халымды кінәлі деп танып, екі жарым жылға бас бостандығынан айырды.

Одан бөлек Болатбек Қожагелдинов (39 жаста), Құбайдолла Төлебаев (54 жаста), Ерболат Омарбеков (45 жаста) және Нұржан Нұрәділов (36 жаста) — әрқайсысы екі жылға сотталды.

Сотталғандар жазасын жалпы режимдегі түзеу мекмелерінде өтейді.

«Таблиғи Жамағат» ұйымы Астана қалалы сотының шешімімен 2013 жылдың ақпанында экстремистік танылып, қызметіне тыйым салынған. Қазір ұйымның ондаған мүшесі түрмеде отыр. Қазақстан билігі 1926 жылы Үндістанда пайда болған ұйымның басты мақсаты Қазақстан секілді елдердің бірінде халиффат құру деп санайды.

Абай-ақпарат

0 пікір