Сәрсенбі, 30 Қазан 2024
Жаңалықтар 3394 2 пікір 18 Ақпан, 2016 сағат 16:31

ҚЫРҒЫЗ ӘЙЕЛДЕРІ "ПАТРИОТТАРДАН" ҚОРҚАДЫ

Қырғызстанда шетелдіктермен кездесетін немесе бірге уақытын өткізетін қыздарды мазақ еткен бейнержазбалар кең тарауда.

Бұл жазбаларда еркектер қыздарды шешіндіріп, ұрып-соғып, тергеп-тексереді, тіпті зорлаған оқиғалар да кездескен. Осындай мазаққа ұшыраған бір қыз қорлыққа шыдамай, бір аптадан соң өзіне қол жұмсап өлген.

Осындай бейнежазбаларды түсіретін жас жігіттер өздерін "патриоттармыз" деп атайды. Олардың ешқайсысы әрекеттері үшін жауапқа тартылмады. мемлекеттік органдар бұған көз жұмып отырғандықтан, "патриоттар" өздерін еркін сезінуде.

Полиция араласқан жалғыз оқиға былтыр күзде Мәскеуде болған: 28 жастағы Қырғызстан азаматы ұсталып, оған қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Мұндай "патриоттардың" қылығын елдің көп тұрғыны қолдайтын боп шықты. Ұлтшылдардың бірлестіктерінің мүшелері секілді, олар да осындай ескерту бейнежазбаларын көрсетпесе тұрғындар "мүлдем азғындық жолға түсіп кетуі мүмкін" деп санайды. Мамандар бұл орайда Қырғызстан әйелді жеке тұлға ретінде сыйлау қалыптаспаған патриархалды мемлекет күйінде қалып отыр деп тұжырады.

Абай-ақпарат

2 пікір