РЕСЕЙ УКРАИНАНЫ СОТҚА БЕРДІ
Ресей Украинаны үш миллиард доллар төлемегені үшін сотқа берді.
Қаржы министрі Антон Силуановтың сөзінше, шағым "Украинаны қарызды реттеуге байланысты бірнеше рет конструктивті диалогқа шақырып, одан нәтиже шықпағаннан кейін" Лондонның Жоғарғы сотына жіберілген. Қарызды өтеу мерзімі өткен жылдың 20 желтоқсанында аяқталған.
Бағалы қағаздар 2013 жылдың аяғында президент Виктор Януковичтің режиімінде шығарылған. Мәскеу толығымен сатып алған. Екі айдан кейін Янукович халықтық көтерілістен кейін елінен қашып кетті. Киев қазіргі уақытта өзінің негізгі берешегінің құрылымын қайта қарау жөнінде келісімге келген. Украина билігі Ресейге одан өзге жақсы жағдайды ұсына алмайтынын айтады.
Абай-ақпарат