Сенбі, 23 Қараша 2024
Үміт пен күдік 5879 0 пікір 17 Ақпан, 2016 сағат 15:40

АҚОРДАНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ ЕЛБАСЫНЫҢ СӨЗІНЕ ТҮСІНІК БЕРДІ

 

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Дәурен Абаев Президенттің тіл туралы айтқан сөзіне қатысты пікір білдірді. 

"Өз сөзінде Президент шенеуніктердің мемлекеттік қызметтерді көрсете отырып, азаматтардың сұраныс жасаған тілін есепке алуы керек екенін нақты айтты. "Тіл туралы" Заңда "Өтiнiштерге берiлетiн жауаптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сiлтеме жасай отырып, мазмұны бойынша негiзделген және дәлелдi, мемлекеттiк тiлде немесе өтiнiш берiлген тiлде болуға, арыз берушiнiң қабылданған шешiмге шағым жасау құқықтарын түсiндiре отырып, оның дәлелiн жоққа шығаратын немесе растайтын нақты деректердi қамтуға тиiс" делінген.

Шенеуніктердің заңның бір ғана бөлігін есепке алатын жағдайлары кездеседі. Ел Президенті мемлекеттік қызметкерлерге дәл осы ретпен айтты. Мысал ретінде ол орыс тілінде келіп түсетін өтінішті келтірді, алайда бұл ереже билік өкілдерінің қазақша сөйлейтін азаматтарға жауап бере алмайтын жағдайларына да қатысты. Сондықтан осы тақырыптың айналасындағы алаңдаушылықтың ешқандай негізі жоқ.

Мемлекеттік тілдің дамуы - мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі және оған қандай да бір шек қою Қазақстанның ұлттық мүддесіне қайшы", - деп түсіндірді Дәурен Абаев Ақорданың Facebook желісіндегі парақшасында.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502