Жексенбі, 27 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 3946 0 пікір 10 Ақпан, 2016 сағат 09:20

НАЗАРБАЕВ ПЕН ПУТИН ТҮРІК ЖӘНЕ УКРАИН МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ

Ресей президенті Владимир Путин мен оның қазақстандық әріптесі Нұрсұлтан Назарбаев телефон арқылы хабарласып, украин дағдарысы мен Мәскеу мен Анкара арасындағы текетіресті талқылады.

Ақорданың баспасөз қызметі әңгіме ауаны Украинаның шығысындағы шиеленісті шешуге бағытталған «Минск келісімдерін әрі қарай жүзеге асыру» және асқынып кеткен орыс-түрік текетіресі төңірегінде өрбігенін хабарлайды.

Хабарламада Путиннің Мәскеу мен Анкара арасындағы қатынастың нашарлауына түрік тарабын кінәлаған, соған орай, жағдайды қалпына келтіру үшін Түркияның бірінші қадам жасауы керектігі туралы сөздерін келтіреді.

Назарбаев пен Путин Түркияның премьер-министрі Ахмед Дәуітоғлы Астанада Қазақстан президентімен кездескеннен екі күн өткен соң сөйлесті.

Мәскеу мен Анкараның арасы Түркия былтыр 24 қарашада түрік-сириялық шекарасында ресейлік бомбалаушы ұшақты атып түсіргеннен кейін күрт нашарлап кеткен еді. Қазақстан екі елмен де терең байланыста.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1515
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3131
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1128
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1049