Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3731 0 пікір 9 Ақпан, 2016 сағат 13:23

ПУТИННІҢ МҰРАГЕРІ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

Ресейдің қаржыгері әрі блогері Слава Рабиновичтің ойынша, жуырда Тула облысы губернаторының міндетін ақарушы болып тағайындалған Алексей Дюмин Ресей президенті Владимир Путиннің мұрагері болып есептеледі, - деп жазады oinet.kz сайты.  

Өзінің әлеуметтік желідегі парақшасындағы жазбасына қарағанда А.Дюминнің аталған лауазымға кірісуі Кремльде «мұрагер операциясының» басталғанын білдіреді. «Мұрагер операциясы» бұл арнайы операция. Осындай арнайы операция кезінде Путин президент болды. Енді оның орнын Дюмин басады. Путин уақтысында Собчактың адъютанты әрі күзетшісі болған. Ал Дюмин Путиннің адъютанты әрі күзетшісі болды» дейді блогер.

- 2014 жылы 42 жасында Дюмин генерал-майор шенін алып, күштік құрылымдардың арнайы орперацияларына жетекшілік етті. Осындай операциялардың бірінде құпия топ «Ресейдің Қырымға қосылуы» операциясында маңызды роль ойнады. 2014 жылдың 23 ақпанында А.Дюминнің жетекшілігімен Украинаның экс-президенті Виктор Янукович Ресейге әкелінді,--деп жазады Рабинович.

- Дюмин бұдан кейін Бас штабтың бастығы құрлық әскері бас қолбасшысы  Салюковтың бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2015 жылдың 24 ақпанында Ресей Қорғаныс министрі, әскери қылмыскер Сергей Шойгудің бірінші орынбасары болып тағайындалды, -- деп жазады бұдан кейін ол.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5478