Сенбі, 23 Қараша 2024
Мәйекті 5779 0 пікір 9 Ақпан, 2016 сағат 09:04

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕҢ ЖАС АНАНЫҢ ЖАСЫ 13-ТЕ...

Шарананы машинаның терезесінен лақтырып жіберген жантүршігерлік оқиғадан кейін біздің елде мектеп жасындағы жасөспірім қыздардың жүкті болып қалу мәселесі жиі сөз болып, ел дүрліге бастады. Содан бері, Құдайдың құтты күні жаға ұстатарлық бір ақпарат еститін болдық. Неге? Соңғы кездері жарияланып жатқан ресми ақпараттардың өзі Қазақстандағы бойжеткендер мен бойжетпегендердің жағдайының тығырыққа тіреліп, тұйықталып қалғанын көрсетеді. Кеше 31 арна тағы бір сұмдық ақпараттың шетін шығарды.

Ақтөбе облысында былтырдың өзіңде 63 оқушы мектеп қабырғасында жүріп жүкті болып қалыпты. Олардың елу пайыздан астамы қазір ана атанып, оқуларын тастаған. Жүкті болғандардың ішінде тіпті 14 жастағы қыздар да бар көрінеді. Осы екі ауыз ақпараттың өзінде қаншама тағдыр бар. Қаншама қыздарымыздың өмірі тас талқан болды? Ойлаудың өзі қорқынышты.

Қош! Енді арнаның айтарын ысырып тастап, нақты ресми деректерден мысал келтірейік. Қазір Қазақстанда ең жас ананың жасы 13-те екен (ең жас ана Солтүстік Қазақстан облысында тұрады). ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің бұл мәліметі сіздің жүрегіңізді дір еткізе ме? Бұл 2015 жылдың 1 шілдесіне дейінгі мәлімет. Демек, шарананы терезеден лақтырмай һәм әжетханаға тастамай тұрып бұл жағдаят ушығып, жетер жеріне жетіп қойыпты. Тек біз еренсіз болғанбыз. Әйтпесе, 13 жастағы қыз жүкті болған кезде -ақ «бір қазақтың – тағдыры, бар қазақтың – тағдыры» деп мұндай оқиғалардың алдын алар жол іздер едік.  

Тағы да ресми ақпараттар сөйлесін. Қазақстанда 2015 жылдың 1 қаңтарынан 1 шілдесіне дейін кәмелетке толмаған 2420 қыздың жүкті болып қалғаны анықталып,  ресми тіркеуге тұрған. Бұл – ресми ақпарат. Бейресми жағдайымыз қандай екенін ойлаудың өзі қорқынышты? Бұл көрсеткіш бұдан екі-үш еселеніп кетуі мүмкін екені айтпасаңыз да түсінікті.

Біз мұндай жағдайға қалай жеттік? Бұлай кете берсе, соңы не болмақ? Ендігі қойылар сауал осы болса керек...

Шәріпхан Қайсар

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434