МЕРКЕЛЬ ЕО-НЫ МӘСКЕУГЕ ҚАТЫСТЫ САНКЦИЯНЫ ҰЗАРТУҒА ШАҚЫРДЫ
ГФР канцлері Ангела Меркель Еуропалық Одақты Қырымжы аннексиялауға байланысты және Донбастағы сепаратистерге көмектескені үшін Ресейге қойылған санкцияны ұзартуға шақырды.
Меркель бұл жөнінде Украина президенті Петр Порошенкомен кездескеннен кейін, Берлинде мәлімдеді. "Ресей Минск келісіміндегі міндеттерді толық орындамайынша, Донбастағы шиеленіс толық аяқталмайынша, санкциялар сақталуға тиіс", – деді Меркель Порошенкомен бірге өткізген баспасөз мәслихатында.
Порошенконың сөзінше, Донбастағы қақтығыс қаңтар айында ушығып кеткен. Өздерін өздері жариялаған Донецк және Луганск халықтық республикаларындағы жағдай да шиеленісе түскен. Атыс 40 күн бойында созылған. Мұнан өзге, ЕЫҚҰ-ның арнайы өкілдері үшін Донбастағы жағдайға мониторинг жасауда түрлі кедергілерге тап болып келеді деді.
Мәскеу болса, Донбастағы сепаратистерге қолдау көрсететеді дегенді теріске шығарады.
Абай-ақпарат