Сейсенбі, 22 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 6668 0 пікір 1 Ақпан, 2016 сағат 09:49

ТӘЖІКСТАНДА ЗАҢСЫЗ ҚАРУ-ЖАРАҚ АЙНАЛЫМЫ ӨСКЕН

Тәжікстанның құқық қорғау органдарының хабарлауынша, 2016 жылдың қаңтар айының 20 күнінде айналымнан 250 дана қару алынған.

ІІМ заңсыз қару-жарақ айналымымен байланысты қылмыс санының соңғы жылда өсіп кеткенін айтуда.

Тәжікстан ішкі істер министрі Рамазон Рахимзода 2015 жылы құқық қорғау органдарының қызметкерлері елдің қолындағы 1 288 дана қаруды тәркілегенін мәлімдеді. Оның сөзінше, 1994 жылдан бері Тәжікстанда заңсыз айналымнан 39 мыңнан астам қару алынған.

Халықтан суық қаруды тәркілеу туралы бұйрықтың 1994  жылы шыққанына қарамастан, ел билігі тұрғындардың қолынд аәлі де көп қарудың қалып отырғанына алаңдайды. Бірқатар өңірде дауды қарудың күшімен шешу әдеті сақталуда.

Сарапшылардың айтуынша, қарудың басым бөлігі елдегі азамат соғысы кезінен қалған. Бұдан бөлек шекараалық аудандарға шетелден қару тасымалдау қаупі жоғары. 

2014 жылы құқық қорғау органдарының өкілдеріне жарақаттайтын қаруды да тартып алуға рұқсат ететін заңнамалық өзгерістер енгізілді.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1391
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2968
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1039
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 971