Жұма, 11 Қыркүйек 2026
Тарихтың бір күні 8955 0 пікір 31 Желтоқсан, 2015 сағат 11:22

МЕШІНГЕ МЕГЗЕУ

Кел, Мешін-жыл мерейлі боп ең ізгі,

Тебірентіп күллі әлемді, теңізді.

 Тасынта бер ырзық пенен ырысты,

  Асырта бер егіз бенен сегізді.

 Сенің жылың Жерді Айдай айлансын,

Байлық біткен Бас туыма байлансын.

Адамзаттың атан жүгін арқала,

Деме бізге қайсы жұрттан, қайдансың.  

Мешін жылы, меймілдетші мейірді,

Көпті қолдап, көл-көсір ет пейілді.

Ұлы істерін жалғастырсын бабаның

Ұл мен қыздар, ұрпақ біздің кейінгі!

Бақытжан Тобаяқтан.

3 желтоқсан, 2015жыл.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1083
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2634
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 756
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 726