Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
Бұ не мазақ? 9803 0 пікір 31 Желтоқсан, 2015 сағат 00:44

АРАҚ ІШІП, ӘНҰРАН АЙТАМЫЗ БА?

"АкРоосПищеПром" ЖШС өндіретін «Домбыра» арағының мойнына қазақ елінің Әнұраны жазылған стикерлер ілініп, сатылымға шығарыла бастады, - деп жазады Фейсбук әлеуметтік желісінде Nurka AD есімді қолданушы.

Арақ - алқаштың асы. Сонда мұнымен "АкРоосПищеПром" не айтқысы келеді? "Сенің әнұраның алқаштарға ғана керек" дегені ме? 

Бұл әнұранның авторы кеше ғана сексен жылдығын тойлаған қазақтың ақиық ақыны Жұмекен Нәжімеденов еді. Бұл біріншіден - Жұмекенді қорлау. 

Екіншіден - әннің музыкасын жазған Шәмші Қалдаяқовтың рухына жасалған қиянат. 

Үшіншіден - мәтінді бүгінгі күнге лайықтаған Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевті құрметтемеу.

Мәселе, авторларда ғана емес. Күллі қазақты, қала берді қазақстандықтарды ұятқа қалдырып, мазаққа айналдырарлықтай не жазығымыз бар еді?. 

Әлемдік сайыстарда қазақтың әнұранын шатастырып қою сәнге айналғалы қашан? Олар осы арқылы біздің тәуелсіздігімізді мойындағысы келмейтінін аңғартып жүр.

Ал, енді осындай кезеңде "харам су" шығарғыштар әнұранды аяқ-асты етіп жатса, оларда нақты мақсат бар деген сөз.  

Бізде "мемлекеттік рәміздерді қорғау" туралы заң бар. Сол заңның аясында "харам суға" әнұран жазғыштарды жазалау қажет. Сіз не дейсіз? 

Шәріпхан Қайсар

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1963