Жұма, 22 Қараша 2024
Билік 4416 0 пікір 30 Желтоқсан, 2015 сағат 11:52

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: САЙРАМ МЕН ҚАЗЫҒҰРТ ДИҚАНДАРЫ 300 МЫҢ ТОННАҒА ЖУЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІН ЖИНАДЫ

Сайрам ауданының шаруалары аудан тұрғындары мен облыс халқын мал және егістік өнімдерімен қамтамасыз етіп отырған аудандардың бірі. Бұл ауданның  диқандары қажырлы еңбегінің арқасында 11 айдың қорытындысы бойынша 35 860 тонна дәнді-дақыл жинап, орташа есеппен әр гектарынан 22 центнерден өнім алды. Сондай-ақ, жергілікті диқандар 108 мың тонна көкөніс (қияр, қызынақ, пияз, қырыққабат, сәбіз, болгар бұрышы) өнімдерін жинаса, 47 мың тонна картоп, 2760 тонна жеміс-жидек, 3200 тонна жүзім, 1541 тонна бақша дақылдарын алған. Ал жиналған мал азығының көлемі 208 мың тоннадан асады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 13 500 тоннаға артық.

Осы жылы егіс алқаптарында еңбек етіп жүрген агроқұрылымдарға жеңілдетілген бағамен 3144 тонна тыңайтқыш пен 1755 тонна жанар-жағармай берілді. Сонымен қатар, 2015 жылы аудан аумағында орналасқан 2945 агроқұрылымдар 264 млн. 125 теңге көлемінде субсидия алды. Осы атқарылған жұмыстарды бағамдап ауданның ауыл шаруашылығы бағытында қарқынды дамып келе жатқанын байқауға болады.

Cонымен қатар, Қазығұрт ауданы бірқатар салалар бойынша жетістікке жетіп, 2015 жылды оң нәтижелермен қорытындылады. Негізінен, астық өсірумен және мал шаруашылығымен айналысатын аудан «Алтын күз 2015» мерекесінде астық өндіруден бірінші орынға шығып, 41 мың гектардан астам жерден 24 центнерден түсім алып, 100 891 тонна астық жинады. Сонымен қатар, аудан шаруалары мақсары өсіруден үшінші орын алып аудан шаруаларының алажаздайғы еңбегі ақталды.

Мал шаруашылығына келсек, қазығұрттықтар осы жылы 9 мыңдай ірі қараны бордақылап, өткен жылмен салыстырғанда мың басқа артық жемдеді. «Сыбаға» бағдарламасы 137,5 пайызға, «Құлан» бағдарламасы 125,4 пайызға, «Алтын асық» бағдарламасы 120 пайызға, жұртшылық табынға асыл тұқымды бұқа сатып алу тапсырмасы 293,3 пайызға орындалған. 

Ауданның әлеуметтік салада да атқарылған жұмыстары баршылық. Мәселен, Қазығұртта жыл басынан бері 2 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылып, жоспар 114 пайызға, тұрақты және уақытша жұмысқа 1585 адам тартылып жоспар 131 пайызға орындалған.

Балаларды мектепке дейінгі мекемемен қамту жұмыстары да ауданда жоспардан артық орындалып отыр. Мұнда «Балапан» бағдарламасы орындау мақсатында осы жылы 5889 баланы балабақшамен қамтып, жалпы көрсеткішті 80 пайызға жеткізу жоспарланса, бүгінгі күнге 5920 бүлдіршін мектепке дейінгі мекемеге қабылданып, жоспар 80,4 пайызға орындалған.

Салалардағы жетістіктер мұнымен шектелмейді. Ауданда 5 ауылдық мәдениет нысандарының күрделі жөндеу, аудандық мәдениет сарайына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, С.Рақымов ауыл округіне қарасты Көкібел ауылында жаңадан 200 орындық мәдениет үйі пайдалануға берілді.

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша 2015 жылы үш жақты келісім бойынша 8 жобаның қаржыландырылуын ұйымдастыру тапсырмасы ағымдағы жылы 10 жоба болып, жоспар 125 пайызға орындалып отыр. Ал индустриаландыру картасына жалпы сомасы 1647,7 млн. теңгелік 5 жоба енгізілді.

 ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5318