Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 4487 0 пікір 30 Желтоқсан, 2015 сағат 11:29

РЕСЕЙДЕ ТӘЖІК АЗАМАТЫ ЖАЛҒАН АҚПАРАТ ҮШІН ҰСТАЛДЫ

Самара қаласында «терроризм актісі жөнінде жалған ақпарат берді» деген айыппен 23 жастағы Тәжікстан азаматы ұсталған.

Ресейдің Федералды қауіпсіздік қызметінің мәліметі бойынша, тәжік азаматы Ресей аймағында заңсыз жүрген.

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, ұсталған азамат 1992 жылы туған. Самара қаласына келгеніне екі апта болған. Ол 112 нөміріне қоңырау шалып, «Космопорт сауда орталығы қазір жарылады. Оған бомба қойылған. Жарты сағаттан соң жарылады. ИМ-нен сәлем. Жаңа жылдарыңызбан» деген.

Ол сол уақытта сауда орталығында болған. Адамдарды көшіру жөнінде хабарлағаннан кейін, бірден кетіп қалған.

Оған РФ Қылмыстық кодекстің 207-бабына сәйкес іс қозғалған. Ол үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Abai.kz 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5321