ИМ СОДЫРЛАРЫ СОҒЫСУДАН БАС ТАРТҚАН 30 ЖАСӨСПІРІМДІ ӨЛТІРДІ
«Ислам мемлекеті» террористік тобының содырлары Рамади қаласында ирак үкіметінің әскерлерімен соғысудан бас тартқан 30 жасөспірімді өлтірді. Бұл ақпаратты Найнава (әкімдік орталығы — Мосул қаласы). провинциясындағы ирак кеңесінің өкілі хабарлаған.
Жастары әлі 16-ға толмаған жастарды әскери қызметтен қашты деп айыптап, оларды Мосулдың оңтүстік бөлігіндегі Әл-Кияр ауданындағы бас алаңда жариялы түрде өлтірген деді ирак кеңесінің мүшесі.
22 желтоқсан күні АҚШ басқаратын коалицияның ирак әскерлері әуе соққының көмегімен Рамади орталығына кірді.
Abai.kz