ОҢТҮСТІКТЕ ТАҒЫ ДА «HERBALIFE» ҰСТАЛДЫ
Сарыағаш шекара отрядының «Сарыағаш теміржол» бөлімшесінің шекара наряды «Сарыағаш – Келес» бағытымен жүргелі тұрған жүк пойызын тексеру барысында № 60386779 жүк вагонынан кедендік бақылаудан жасырын әкетіліп бара жатқан жүкті анықтады. Дәлірек айтқанда, 4 үлкен қорапқа салынған, адамды арықтатуға арналған, төменде көрсетілгендей «Herbalife» өнімдерінің:
Алоэ «Herbalife» өсімдік текті сусын – 52 дана;
Протеиндік коктейль «Herbalife» – 14 дана;
Шоколад «Herbalife Express» – 7 дана;
«Herbalife» белокты өнімі – 4 дана;
«Herbalife» шөп сусыны – 17 дана;
Herbalife таблеткалары – 1 қорап - иесі табылмады. Иесіз жүк Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кіріс департаментіне тапсырылды.
ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі