Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 4366 0 пікір 29 Желтоқсан, 2015 сағат 12:00

ҚОСТАНАЙ ШЕКАРАСЫНДА РЕСЕЙ АЗАМАТЫ МАРИХУАНА АЛЫП ӨТПЕК БОЛҒАН

Қостанай шекара отрядының «Қайрақ авто» бөлімшесінде 26 желтоқсан күні сағат 11.38-де шекара жасағы «Зита» атты қызметтік иттің көмегімен Ресей территориясына есірткі алып өтпек болған азаматты құрықтаған. Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлайды.

Жеңіл автокөлікпен Қазақстан территориясынан Ресейге бағыт алған 37 жастағы Ресей азаматын ұстады. Бұл тексеру барысында оның әмияны мен қолғабынан ақ түсті, салмағы 2 граммдай ұнтақ және жасыл түсті өсімдік тектес зат табылған. Кейін анықталғандай, бұлар Қазақстаннан заңсыз алып өтпек болған  героин және гашиш есірткісі болған. Қазіргі таңда ұсталған азамат Қарабалық ауданының ішкі істер бөліміне жеткізілген.

Арада үш сағаттан астам уақыт өткенде аталмыш Қарабалық аудандық ішкі істер бөлімінің қызметтік «Зита» иті Ресейге қарай бағыт алған жолаушылар автобусынан 25 жастағы Ресей азаматын ұстады. Тексеру жұмыстары барысында екінші Ресей азаматы салмағы 100 грамм болатын марихуана алып өтпек болған. Алғашында күдікпен ұсталған азамат бұл заттың өзінікі еместігін айтып, ант-су ішкендіктен, есірткі табылған орындардың арт жағында № 31-32 орындарда отырған екі азамат та күдікті ретінде ұсталып, Қарабалық ауданы бойынша ішкі істер бөліміне тапсырылды.

Алайда, фильтрациялық шаралар нәтижесінде алғашқы азамат өзінің кінәсін мойнына алып, кейінгі ұсталған екі Қазақстан азаматтары босатылды.

«Мерке» тексеріп-өткізу пункітінің «Сыпатай батыр авто» бөлімшесінде 27 желтоқсанда сағат 18.40-та Қырғыз Республикасының аумағынан біздің елге қарай жаяу келе жатқан, екі қазақстандық азамат ұсталды.

Тексеру барысында олардың ішкиімдерінен скотчпен оралған, ақ-сұр түсті ұнтақ салынған 3 түйіншек табылды. Бұл заттың жалпы салмағы 500 граммды құрайтын героин есірткісі екендігі анықталып, ұсталғандар айғақтық заттарымен бірге Луговой теміржол бекетінің желілік полиция бөлімшесіне тапсырылды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5322