Жұма, 22 Қараша 2024
46 - сөз 8383 0 пікір 29 Желтоқсан, 2015 сағат 11:03

БҰРЫМДЫ ҚЫЗ

Мен әскерге кетерде бұрымды қыздың жылап қалғаны да рас. Айлы түнде күтемін дегеніне "КазГУгородоктың" қайыңдары куә. Әскерде жүргенде де сағынышқа толы хаттар тоқтаған емес. Табыл бізден алты айдан соң армияға алынды. Сол алты ай бойы бұрымды қыздың "тәртібін" қарап жүрді. Керзі етік киіп қиянда жүрген досының махаббатын қорғағаны деп түсініңіз мұны. Мына бір өлең сол шақта туған болуы керек.

"...Такси...Жатақ...Сонан соң кең құшағың,
Жанарымды шалмайды енді сағым, 
Бір өзіңді кеудеме қысып тұрып, 
Махабаттың жағармын мәңгі шамын.

Бауырында балқиын бал дененің, 
Оттай жайнап, құлпырып алма реңің.
Құса -мұңға берілмей есіл жүрек, 
Құшағымда тұрарсың сонда менің.

Гүлдей жайнап, күлімдеп қас қабағың,
Қуанудың таппассың басқа амалын,
Қойынына батырып ала кетер,
Барқыт түні біздерді астананың.

Айналмасын сезімің мұз кесекке,
Сонда өзіңді бақытты қызға есепте,
Абайламай бетіңді жырып алма,
Кеудемдегі тізілген "значокке"!

Әй, Тәкем-ай! Өлеңнің астына "Арман Сқабылұлы Нұрқалиев. Архангельск" деп қол қойыпты. Ал, бұрымды қыздың одан әргі тағдыры бөлек әңгіме.

Арман Сқабылұлы

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5329