Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4834 0 пікір 29 Желтоқсан, 2015 сағат 09:42

ДОНЕЦКІДЕ ЖІКШІЛДЕР ЕҚЫҰ БАҚЫЛАУШЫЛАРЫН АТҚЫЛАДЫ

ЕҚЫҰ желтоқсанның 27-де, Донецк облысының Коминтерново кентінің маңында бақылаушылар миссиясына оқ атты деп жікшілдерді айыптады.

Ұйым есебінде оқтың 150-200 метр жерден атылғаны туралы жазылған, ал украин әскерінің шептері Коминтерноводан алыста орналасқандықтан, тек жікшілдердің ғана оқ атуы мүмкін.

Оқ астында қалған ЕҚЫҰ бақылаушыларының жанында өздері жариялаған «Донецк халық республикасы» қорғаныс министрлігінің өкілі Эдуард Басурин болған. Адам шығынына ұласпаған осы жайттан соң, ол оқты украин әскерінің ғана атуы мүмкін екенін мәлімдеді. Киев болған оқиғаны арандатушылық деп атап, бұл ақпарды  терістеді.

Бұған дейін, Украинаның Бас штабы жауласқан екі жақтың ортасында қалған Коминтерново кентінде жікшілдердің бекінгені туралы хабарлаған еді. Украин әскерилерінің мәліметінше, ДХР содырлары кентте атыс ұяларын құрып, шептеріне апаратын жолдың бәрін миналап тастаған.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5335