РЕСЕЙ ҚЫРҒЫЗ ӘСКЕРІН ҚАРУЛАНДЫРМАҚ. НЕГЕ?
Ресейдің қорғаныс министрі, армия генералы Сергей Шойгу «Ислам мемлекетімен», ауған бағытындағы өзге де террорлық ұйымдармен күрес аясында Ресейдің Қырғызстанға әскери-техникалық көмек көрсететінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.
Бұл туралы ол ҚР қарулы күштері Бас штабының бастығы Жаныбек Капаровпен Мәскеудегі кездесуінде айтты.
«Өз тарабымыздан, Қырғызстан қарулы күштерін қайта жарақтандыру жоспарын орындауға міндеттеме аламыз, бұл олардың төнген қауіп-қатерге қарсы тұруы үшін қажет», – деді Шойгу.
Шойгу одан әрі: «Біз нақты қауіпті көріп отырмыз және сіздер де оларды байқап отыр деп ойлаймын», – деді. Ол сонымен бірге, Қырғызстандағы әріптестерінің Ауғанстанда бұрыннан бар террорлық ұйымдардан бөлек, ИМ жаңа бөлімдері пайда болғанын көріп-біліп отырғанына және күш біріктіру арқылы «Қырғызстанды осындай қауіптерден қорғайтын қорғаныс жүйесін құратындарына» сенім білдірді.
Абай-ақпарат