Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3968 0 пікір 24 Желтоқсан, 2015 сағат 09:59

РЕСЕЙ "ИМ"-ГЕ ҚАРСЫ ТӘЛІПТЕРМЕН БАЙЛАНЫС ОРНАТҚАН

РФ президентінің Ауғанстан бойынша арнайы өкілі Замир Кабулов Ауғанстандағы «Ислам мемлекетіне» қарсы күресте мүдделері тоғысатындықтан Ресей тәлібтермен байланыс орнатқанын мәлімдеді.

Кабуловтың сөзінше, тәлібтердің ИМ-мен күресуінің себебі, соңғысы тәлібтерді «Аль-Каида» секілді халифат құру және жаһандық жихад сияқты трансұлттық мақсаттарға пайдаланғысы келеді.

"Тәлібтер мұны сезіп қойды, сондықтан олар «ИШИМ»-ге кәдімгідей соққы беруде. Ауған және пәкістандық тәлібтер Аль-Бағдадиді халиф ретінде, жалпы ИМ ұйымын мемлекет деп қабылдамайтындарын айтты. Бұл өте маңызды", – деді Кабулов.

Кабулов Ресейдің Ауғанстанға қару жеткізгуе дайындығын, бірақ мұны «сақтықпен  әрі коммерциялық мақсатты көздемей істетінін» мәлімдеді. Ауған қауіпсіздік күштерін дайындауға тырысып жатқан НАТО-ның әрекетін "тиімсіз" деп атаған  Кабулов Ауғанстандағы жағдайдың асқынуы Ресей, Орталық Азия және жалпы өңір үшін «стратегиялық қауіп» тудыратынын айтты.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5405