Жұма, 20 Қыркүйек 2024
Жаңалықтар 3851 0 пікір 24 Желтоқсан, 2015 сағат 08:55

ЕУРОПАҒА 1 МИЛЛИОННАН АСТАМ БОСҚЫН КЕЛДІ

2015 жылы Еуропаға бір миллионнан астам мигрант пен босқын келген. Оның 972 мың 500-дейі Жерорта теңізін кесіп өткен. Теңіз арқылы Еуропаға жетпек болғандардың 4 мыңға жуығы қайтыс болған немесе ұшты-күйлі жоғалып кеткен.

Мигранттар еуропалық Одақтың төмендегі алты елі арқылы кесіп өткен: Грекия, Болгария, Италия, Испания, Мальта және Кипр.

Жерорта теңізінен өтіп, Еуропаға жеткен мигранттардың жартысынан астамы — елінде жүріп жатқан соғыстан қашуға мәжбүр болған сириялықтар. 20 пайызы ауғандықтар болса, 7 пайызы Ирактан шыққандар. 

Миграция жөніндегі халықаралық ұйымның басшысы Уильям Лейси Свинг «миграциядан қашып құтыла алмайсың, ол – маңызды» дейді.

Оның сөзінше, қауіпсіз әрі заңды миграцияға жағдай жасау керек. Сонымен бірге еуропалықтардың қауіпсіздіктеріне байланысты алаңдаушылықтарын да есепке алу керек деді. Ал БҰҰ-ның босқындар жөніндегі мекемесінің жетекшісі Антонио Гуттереш кейбір елдерде мигранттар көші теріс көзқарас туғызғанымен, олар қазір тұрып жатқан қоғамға өздерінің жағымды жақтарын да көрсете бастағанын атап өтті.

Абай-ақпарат 

0 пікір