Сәрсенбі, 13 Қараша 2024
Жаңалықтар 4359 0 пікір 21 Желтоқсан, 2015 сағат 20:09

ЖАЛҒАН ХАТТЫ ЖАЗҒАН... ЖАҚЫНЫ ЕКЕН

Бүгін Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық сотында айыпталушы Дәулет Сәрсенбаевқа қатысты қозғалған істі тыңдау барысында сотталушының кінәсі дәлелденді. Ол әлеуметтік желілерде қаржы полицейлерінің атынан жалған хат жариялап, онда Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен жоғары шенді шенеуніктерді құқыққа қайшы іс-әрекеттерге барды деп айыптаған. Бұрынғы жоғары шенді шенеунік көмекшілерінің «лас» ойынын Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері әшкереледі, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Осыдан бірнеше ай бұрын интернет-қауымдастықта үлкен қызығушылық тудырған «Қаржы полицейлерінің ашық үндеуі» атты хат тек жалған ғана емес, Серік Ахметовтің ісі бойынша сотталған Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішевтің бауыры Дәулет Сәрсенбаевтың ұйымдастырған «лас» ойыны болып шықты.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті атқарған жұмыстың арқасында сотталушының жала жаппақ болғаны әрі қасақана жасаған іс-әрекеттері әшкереленді. Біріншіден, қызметкерлер Д.Сәрсенбаевқа қарсы айғақтарды анықтау бойынша жұмыс жүргізді. Тінту барысында сотталушы жалған хат әзірлеп, жолдаған компьютер табылды. Екіншіден, табылған айғақтардың техникалық сараптамасы жүргізілді. Үшіншіден, аталған іс бойынша 50-ден астам куәгерден жауап алынды. Сот барысында айыпталушы да кінәсін толығымен мойындады.

Оның айтуынша, ол осылайша, Серік Ахметовтің ісі бойынша тергеліп жатқан бауырын тергеу кезінде тағылған айыптан қорғағысы келген.

«Жуырда Қарағандыда Серік Ахметовтің атышулы ісі аяқталды. Менің бауырым Әбдішев те тергелді. Бауырыма көмектескім келді. Бұл хатым сотқа әсер етеді деп ойладым. Өз қателігімді мойындаймын. Кешірім сұраймын», - деді соңғы сөзінде Д.Сәрсенбаев.

Сотталушы кешірім сұрады. Сот отырысының қорытындысы бойынша Дәулет Сәрсенбаев шартты түрде 2 жылға бас бостандығынан айрылды.

Абай-ақпарат


 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1231
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 2945
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 3292