Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3675 0 пікір 20 Желтоқсан, 2015 сағат 14:45

МӘСКЕУДЕ Ш.УӘЛИХАНОВ ТУРАЛЫ КІТАП ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Мәскеудегі Орыс географиялық қоғамының штаб-пәтерінде ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінің қолдауымен жарық көрген Жарылқап Бейсенбайұлының "Шоқан Уәлиханов" кітабының таныстырылымы өтті.

Кітап көрнекті қазақ ғалымының 180 және Орыс географиялық қоғамының 170 жылдық мерейтойларына орай басылды.

Ж.Бейсенбайұлы ұзақ жылдардан бері қазақтың ұлы ғалымының өмірі мен шығармашылығын зерттеумен айналысып келеді. Автор Шоқан Уәлихановтың өмірін көп жылдан бері зерттеп, қазақтың ұлы ғалымының 1856 жылы жазған "Ыстықкөл сапарының күнделігі" ізімен қайталай жүріп өткен, ол ғұмыр кешкен мекендерді арнайы аралап, бұған дейін осы тақырыпқа арналған "Шоқан ізімен" (1977), "Жасын-тағдыр жарқылы" (1987) атты кітаптарымен оқырман қауымға танымал қаламгер.

Жаңа кітапта Шоқан Уәлихановтың өмірі мен сол кезеңдегі осы уақытқа дейін белгісіз болып келген фактілер беріліп, жаңа тарихи, мұрағат құжаттарымен толықтырыла түскен.

Тұсаукесер рәсімді ашқан ОГҚ директоры міндетін атқарушының орынбасары Илья Гуров Орыс географиялық қоғамының қазақстандық әріптестерімен ынтымақтастықты жан-жақты жолға қойып, көптеген жобаларды бірлесе атқарып отырғандығын баса айтты.

"Шоқан Уәлихановтың бірегей өмір жолы азаматтық ерліктің үлгісі, шым-шытырық оқиғаларға толы. Ол Орыс географиялық қоғамының мүшесі сынды жоғары атақты лайықты деңгейде ақтады. Өкінішке орай, тағдыр оның пешенесіне аз ғана ғұмыр жазды", – деді ол.

Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінің кеңесші-елшісі Виктор Темірбаев қазақ тілінде жазылған кітаптың орыс оқырмандарына да қолжетімді болуы үшін аударған аудармашыларға шынайы ризашылығын білдірді.

"Бүгінгі шараның Шоқан Уәлиханов мүшесі болған Орыс географиялық қоғамы ғимаратының қабырғасында өтуі қуантарлық жайт. Біздің ұлы отандасымыз әлемдік мәдениетке, тарихқа, географияға өлшеусіз үлесі қосты және оның талантын әлі де болса зерделей түсу қажет", – деді қазақстандық дипломат.

Абай-ақпарат

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1479
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475