Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 4186 0 пікір 15 Желтоқсан, 2015 сағат 11:20

ТӨЛЕБИДЕ ЕКІ БАЛАБАҚША АШЫЛЫП, 15 МЫҢ ТҰРҒЫНҒА ГАЗ БЕРІЛДІ

Еліміздің Тәуелсіздігі күні қарсаңында ОҚО, Төле би ауданында екі балабақша пайдалануға беріліп, 3 елді мекенге табиғи отын жетті.

Атап айтсақ, мереке аясында аудан орталығы Ленгер қаласында екі бірдей 280 орындық және 75 орындық балабақша ел игілігіне берілді.  Аталған орталықтар заманауи үлгіде салынған. Мұнда балаларға барлық жағдай жасалған.  Бөбекжай заман талабына сай етіп, құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.

Төлеби ауданында жалпы 43 балабақша және 31 мектеп жанынан ашылған шағын орталық жұмыс істейді. Оның 27-сі мемлекеттік мекемелер болса, 16-сы жекеменшік балабақша.

Жалпы ауданда «Балапан» бағдарламасы аясында 5940 бүлдіршін балабақшаға барып, балаларды мектепке дейінгі мекемемен қамту көрсеткіші  80,2 пайызды құрады.

Бұл күні Төлебидегі Көксәйек, Қазақстан, Жіңішке елді мекеніндегі үш мың отбасы, яғни, 15 мың тұрғын табиғи газбен қамтамасыз етілді.

2010 жылға дейін аудан халқының 15 пайызы ғана көгілдір отынға қол жеткізсе, атқарылған жүйелі жұмыстардың нәтижесінде ауданның 36 елді мекеніндегі 95 706 тұрғын немесе жергілікті халықтың 82 пайызы табиғи отынмен қамтылды.

Жұмыстар мұнымен тоқтамайды. Аудан халқы 2017 жылдың соңына дейін толығымен көгілдір отынмен қамтамасыз етіледі деп жоспарлануда.

 ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5512