Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3403 0 пікір 14 Желтоқсан, 2015 сағат 14:59

ТҮРІК БАЛЫҚШАЛЫРЫ ЭГЕЙДЕГІ АТЫСТЫ ТЕРІСКЕ ШЫҒАРДЫ

Түрік балықшылары ресейліктердің Эгей теңізіндегі «атыс» туралы айтқандарын жоққа шығаруда.

Түрік балық аулаушы кемесінің иесі CNN Turk арнасына Эгей теңізіндегі оқиға кезінде түрік кемесінің ресейлік кемеден 2 шақырым қашықтықта болғанын хабарлады.

 «Біз өзіміздің бағытымыз бойынша жүздік. Біз тіпті оның ресейлік кеме екенін де білмедік. Бұл НАТО кемесі шығар дедік. Таңғы 8:30-да оның жанынан өттік. Оқ атылғанын естімедік.», — дейді Hurriyet басылымына сұхбат берген кеменің Музаффар есімді капитаны

Бұған дейін Ресейдің қорғаныс министрлігі ресейлік "Сметливый" күзет кемесінің Эгей теңізінде соқтығысу қаупін болдырмау үшін, түрік кемесіне қарсы атыс қаруынан ескерту оқ атқанын мәлімдеген еді.

Олардың мәліметінше, бірнеше мәрте атылған оқтан соң, түрік кемесі бағытын өзгерткен. Зардап шеккендер туралы дерек жоқ. Оқиғаға байланысты Ресей қорғаныс министрлігіне Түркияның әскери атташесі шақырылды. 

Abai.kz 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5534