Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3635 0 пікір 14 Желтоқсан, 2015 сағат 14:50

ГРУЗИЯҒА «ЖАҢА ЖІБЕК ЖОЛЫ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ПОЕЗД КЕЛДІ

Желтоқсанның 13-де Тбилисиге «Жаңа жібек жолымен» Қытайдан алғашқы контейнер тиеген поезд келді. Тбилиси вокзалында поезды Грузия премьер-министрі, экономика және сыртқы істер министрлері қарсы алды. Бұл туралы Abai.kz порталы хабарлайды.

Грузияның премьер-министрі Ираклий Гарибашвили салтанатты шарада жүктерді Тынық мұхиты жағалауынан Европаға «Жаңа жібек жолы» арқылы тасымалдау бұрынғы бір жарым ай уақытты екі аптаға қысқартатынын мәлімдеді. «Грузияның жақын уақытта Европаны, Шығыс Азияны, Үндістан мен Орталық Азияны және Таяу Шығысты байланыстыратын мультиөңірлік орталыққа айналатынына сенімдімін», -деді Гарибашвили.

Қарашаның 29-да Қытайдан жөнелтілген контейнерлер Қазақстан аумағы арқылы өтіп, Каспий теңізімен Әзірбайжанға, сосын теміржолмен Тбилисиге жеткен. Тбилисиден оларды Қара теңіздегі Поти портына, ол жақтан Түркия және Европаға жөнелтеді. Дәл осы бағыт «Жаңа жібек жолы» деп аталады.

Abai.kz 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5534