Сенбі, 23 Қараша 2024
Шамшырақ 3840 0 пікір 11 Желтоқсан, 2015 сағат 13:59

АЛАШШЫЛ АЗАМАТТАР МАРАПАТТАЛДЫ

Кеше Алматы қаласындағы Қазақстан Жазушылар одағында «Ақ жол» партиясы мен Қазақстан тарихшылар қауымдасығы бірлесіп ұйымдастырған Қазақ Хандығының 550 жылдығына арналған халықаралық “ЕЛ мен ЕР”  мүшәйрасы өтті. Бұл туралы abai.kz порталы хабарлайды.

Қазақстан Жазушылар одағының Әдебиетшілер үйінде өткен жиынға «Ақ жол» партиясының төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Азат Перуашев және әдебиетші қауым өкілдері қатысты.

Жиынның ашылу салтанатында сөз алған депутат Азат Перуашев мырза, хандықтың тойына орайластырылып ұйымдастырылған мүшәйраның маңызы жөнінде баяндады. Депутат Азат Перуашевтің сөзіне сүйенсек, бұндай бастамалар келер жылы да жалғасын табатын болады.

«Біз «Ақ жол» партиясы – Алаш қайраткерлерінің ізін жалғаушы партия ретінде ұлттық рухты көтеретін, жастарға патриоттылықты насихаттайтын осындай шараларды жиі ұйымдастырып отыратын боламыз. Біз Хандығымыздың тойын бекерден-бекер тойлаған жоқпыз. Анау Ресей Президенті, біздерді, «қазақтарда мемлекеті болмаған» деп айта салды. Ал, біз аспаннан түсе салған ел емеспіз. Біз – Дешті Қыпшақтың, Түрік қағанатының, Алтын орданың мұрагеріміз. Осындай айбарымызды көрсеттік. Енді келер жылы, Алаш қозғалысының көсемі болған Әлихан Бөкейханның 150 жылдығы келе жатыр. Одан кейін Алаштың 100 жылдығы бар. Биыл ЮНЕСКО деген дүниежүзілік ұйым Әлиханның 150 жылдығын халықаралық деңгейде тойлау туралы шешім шығарды. Осы ретте айта кетейін, Мен Парламент қабырғасында Әлихан Бөкейханның осы мерейтойын лайықты деңгейде атап өтуіміз керек деген депутаттық сауалымды Үкіметке  жолдадым. Көп ұзамай олардан жауап келді. Үкімет бұл бастаманы толықтай қолдап отыр», - деді Азат Перуашев.

Сонымен қатар, жиын барысында ұлттық рухты көтеруге, Алаш қайраткерлерінің еңбектерін халыққа насихаттауға, әдебиет пен ғылымға еңбек сіңірген бірқатар азаматтарға Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған естелік төсбелгісін тақты.

Мұндай марапатқа лайық деп табылғандар сапында Дулат Исабеков, Бексұлтан Нұржекеев, Өмірзақ Айтбаев, Исраил Сапарбай, Рафаель Ниязбеков, Қазыбек Иса, Бауыржан Жақып, Қадірбек Құныпияұлы және т.б. бар.

Ал мерекелік медальдарды Қазақстан тарихшылар қауымдастығының төрағасы Мәмбет Қойгелді мен депутат Азат Перуашев мырзалар табыстады. 

Жиынның негізгі бөлігінде мүшәйраға қатысқан 156 ақынның 568 шығармасының ішінен әділ қазылар іріктеген 25 ақынға жүлде берілді.

Мүшәйраның жүлделі бірінші орыны мен 700 мың теңге ақшалай сыйлықты жас ақын Азамат Тасқараұлы иемденді. Ал “ЕЛ мен ЕР”  мүшәйрасының бас жүлдесі мен 1миллион теңге ақшалай сыйлық ақын, Абай атындағы сыйлықтың тұңғыш иегері Ғалым Жайлыбай мырзаға табысталды.

«Мен соңғы 15 жылдан бері тұңғыш рет мүшәйраға қатысыппын. Мүшәйраны біз көбінесе өзіміз ұйымдастырамыз. Біздің де артымыздан еріп келе жатқан жас қаламгерлер бар. Сондықтан, мен осы жерде, Азат бастаған «ақжолдық» азаматтарға рахметімді айта келіп, мына жүлдеге екі жас ақынның кітабын шығарып беруге уәде етемін», - деді Ғалым Жайлыбай мырза.

Сондай-ақ, жүйріктердің жыр бәйгесіне дүлдүл ақындар мен бұлбұл әншілер және өнер жұлдыздары қатысты.

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Abai.kz 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5522