Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3719 1 пікір 11 Желтоқсан, 2015 сағат 12:11

БАС МҮФТИ: «БІЗ – ХАЛЫҚТЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІМІЗ»

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жанындағы имамдардың білімін жетілдіру ислам институтының директоры, ұстаздар ұжымы мен «қазан-желтоқсан» айы оқу легінде білім алып жатқан еліміздің түрлі облыстарынан және көршілес жатқан Моңғолия елінен келген 50-ден астам имам-молдалар Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлымен кездесіп, хазреттің дәрісін тыңдады деп хабарлайды www.muftyat.kz

Сабақ барысында Бас мүфти дін қызметкерлерінің жағдайын сұрап, сұхбаттасты. ҚМДБ төрағасы дәстүрлі дініміз Исламның айнасы болып табылатын әрбір имамды өзіне жүктелген жауапты міндетін атқару барысында туындаған кез-келген сұраққа әсте асығыс шешім қабылдамауға шақырды. Сонымен қатар, Ислам дінінің қыры мен сырын, түрлі салаларын жете меңгергенде ғана халықты, ұлтты тура жолға, бірлікке бағыттауға болатынын сөз етті.

Бас мүфти дәріс барысында ауыл-аймақтан келген имам-молдаларға пәтуа берудің тәсілдерін үйретті.

«Біз – халықтың қызметкеріміз. Адамның рухы мен жігерін оятып, иманын көтеру, жастарды патриотизмге тәрбиелеу – сіз бен бізге жүктелген жауапкершілігі мол міндет. Осыны ұмытпаңыздар», – деді ҚМДБ төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы.  

Сабақ соңында институт директоры Кенжеәлі қажы Қоңыратбайұлы имамдардың білімі мен тәжірибесін көтеру бағытында оқу орнының ұжымы барлық мүмкіндіктерді қарастырып, белсенді жұмыс жасай беретінін жеткізді.

Айта кетейік, Бас мүфти осыған дейін бірнеше рет Ислам институтында, медреседе шәкірттерге дәріс берді. Бұл бастама болашақта да жалғасын табады.

Абай-ақпарат

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5522