Жұма, 20 Қыркүйек 2024
Жаңалықтар 3436 0 пікір 11 Желтоқсан, 2015 сағат 12:01

ТАМБУРДАН ТАБЫЛЫҒАН ЖЕҢСІК АС

Орал шекара отрядының «Шыңғырлау-теміржол» көліктік бақылау бөлімшесінде шекара наряды бүгін түнде, сағат 02.30-да «Орал - Астана» бағыты бойынша, Ресейдің Орынбор аймағын басып өтетін № 058 пойыздағы вагондардың бірінің жолсерігі болып жұмыс істейтін,   61 жастағы Қатауов Суықбай есімді азаматты ұстады деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі. 

 Жолсеріктің ұсталу себебі – жабық тамбурдың қалташасында тығылған қораптағы, жалпы салмағы 15 кг болатын 3 дана бекіре балығы және 500 грамм қара уылдырық.

Егер аталмыш азаматтың бұл табылған қорапқа қатысы барлығы анықталса ҚР Қылмыс кодексінің 335 бабының 1-бөлігінің 3-тармағы бойынша қылмыстық жауапқа тартылып, 2000 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі айыппұлға немесе осы көлемдегі түзету жұмыстарына, немесе екі жылға дейін бас бостандығынан шектеуге, немесе осындай мерзімге бас бостандығынан айыруға кесілуі мүмкін.

Күдікті айғақтық заттармен бірге Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы бойынша ішкі істер бөліміне тапсырылатын болады.

Абай-ақпарат

0 пікір