Сәрсенбі, 13 Қараша 2024
Жаңалықтар 3610 0 пікір 9 Желтоқсан, 2015 сағат 16:37

ҮКІМЕТ ТҚЖБ САЛЫМШЫЛАРЫНА ӨТАМАҚЫ ТӨЛЕЙДІ

Министрлер кабинеті «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ салымшыларына валюта бағамының өзгеруіне байланысты өтемақы төлеу мақсатында резервтен 36,9 млрд. теңге бөледі. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев хабарлады.

Бүгін «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» баспасөз қызметінде банктің жеке қаражатынан осы сомаға қосымша тағы 24 млрд. теңге бөлінетінін хабарлады. Осылайша, үкіметтің резервтік ақшасымен бірге, банк клиенттеріне 60,9 млрд. теңге өтемақы төлейтін болады. Бұл ретте, ҚТҚЖБ - 1 млн теңгеден асатын салым бойынша курстық айырманың орнын толтырып отырған елдегі жалғыз банк.

ҚТҚЖБ өтемақыға арналған қаражат 2016 және 2017 жылы екі траншпен бөлінетінін түсіндірді. Банкте барлық салымшылар салым бойынша курс айырмасын алатынын атап өтті. Жалпы 492 мың депозит бар. Өтініш қабылдау мерзімі тығыз емес. Құжаттар қабылдайтын күн туралы салымшыларға қосымша хабарланатын болады.

Сонымен, Е. Досаев 2016-2018 жылдары халықтың тұрғын үйге қолжетімділік деңгейін арттыру мақсатында 817 шаршы метр жалдамалы тұрғын үй,  шамамен 13 600 пәтер салу немесе сатып алу қамтамасыз етілетінін мәлімдеді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1231
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 2945
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 3293