Жұма, 18 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 4112 0 пікір 9 Желтоқсан, 2015 сағат 12:02

ОҚО: ҚХА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ КЕЛДІ

Елбасының «Қазақстан жаңа жаҺандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіру және насихаттау үшін Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов Оңтүстік Қазақстан облысына арнайы жұмыс сапарымен келіп, өңір жұртшылығымен кездесу өткізді.

Жиынды облыс әкімінің бірінші орынбасары Д.Сатыбалды жүргізіп отырды. Кездесу барысында Е.Л.Тоғжанов Елбасының әр Жолдауы – біздің болашағымыздың стратегиялық жоспары, өміріміздің нақты бағыты, келешегіміздің кепілі екенін, этномәдени бірлестіктерді, Қазақстан халқы Ассамблеясының кафедраларын, қоғамдық келісім кеңестерін, барлық азаматтарды Жолдауды жүзеге асыруға белсене қатысуға шақыратындығын атап өтті.

Сонымен қатар, кездесуде облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Е.Байқонақов, облыстық славян этномәдени бірлестігінің мүшесі А.Шолгина, Сайрам ауданы өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы П.Исламов сөз сөйледі. Кездесуге Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, облыстық басқармаларының басшылары, ғылыми-сарапшылық тобы, аналар кеңесінің мүшелері, «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері қатысты.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1290
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2847
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 946
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 884