Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 8238 0 пікір 7 Желтоқсан, 2015 сағат 15:32

ШЫМҚАЛАДАҒЫ САЯБАҚТАР МЕН АЛЛЕЯЛАР

Шымкентте   қос басылымының атымен аталатын тағы бір аллея ашылды. Оны да   журналистер қамқорлығына алмақ.

 

Өткен аптада Қошқарата өзенінің жағасынан «Шымкент келбеті» және «Панорама Шымкента» газеттерінің құрметіне аллея ашылады. Оған әкімдік қызметкерлері, журналистер және  газет оқырмандары қатысады. 

– Журналистер аллеясының ашылуы бізге көрсетілген құрмет әрі үлкен жауапкершілік. Бұл қаламыздың дамуына үлкен үлес қосқан қос басылым редакциясы ұжымының, жалпы оңтүстік өңірі журналистерінің еңбегін бағалау деп есептеймін. Қала әкімдігінің журналистерді қолдауының нәтижесінде ашылған аллея шымкенттіктердің сүйікті демалыс орнына айналады деген үміттеміз, – деді «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-нің директор-бас редакторы Айгүл Қапбарова.
Журналистер және салтанатты шараға жиналған қауым жаңа аллеяға алғашқы көшеттерді отырғызатын болады.

Мұның алдында Шымкент саябақтарында тегін интернет  болатынын   “Тоқтама” сайтына сілтеме жасай оытырып хабарлаған едік.  Бұл хабарда Шымкенттегі 4 саябақ пен 2 аллеяда тегін, лимитсіз Wi-Fi интернет қызметін іске қосылғаны айтылған.  

Интернетке тегін қосылатын уай-фай нүктелер: “Абай”, “Тәуелсіздік”, “Жеңіс”, Орталық саябақтарда және  “Жастар”, “Нұрсәт” аллеяларында бар.

 1. “Абай” саябағы

 

 “Даңқ” мемориалы маңында Shymkent Wi-Fi арқылы интернетке қосылу мүмкін болмады. Ноутбук экранына “Бұл қосылу шектелген” деген жазу қайта-қайта шыға берді. Кей жерлерінде тіпті байланыс жоғалып кетіп отырды. Смартфон арқылы да байланыс орнатылмады.

2. “Жастар” аллеясы

“Абая” саябағына көршілес жатқан “Жастар” аллеясында  да Shymkent Wi-Fi орнатылған. Алайда, аллеяның Ғ. Іляев көшесі жағындағы қақпасы маңынан Shymkent Wi-Fi нүктесі табылмады. Үш рет іздедік. Табылмады.

Орталық саябақ

Қала жұртшылығының жиі келетін, ағаштарының көлеңкесі қою саябақтардың бірі – Орталық саябақ.

Саябақ ортасындағы субұрқақтың  жанына отырып, Shymkent Wi-Fi дың жылдамдығын сынадық. Shymkent Wi-Fi нүктесі табылды. Бірақ, “Бұл қосылу шектелген” деп жазу шықты.

 

“Тәуелсіздік ” саябағы

Оңтүстік жұртшылығының мақтанышы – “Тәуелсіздік” саябағы. Саябақтың өзіндің ерек аурасы бар.  Мән-мағынаға ие символикалық белгілер мол. Алайда, “Тәуелсіздік” саябағындағы Shymkent Wi-Fi нүктесі  біздің иеліктегі ноутбукті интернетке жалғауға “құлықсыздық танытты”.

“Жеңіс” саябағы

Аумағы шағын “Жеңіс” саябағындағы Shymkent Wi-Fi нүктесінің интернетке қосылу жылдамдығы әлсіздік танытты. Интернет байланысы бар. Алайда, сайттарды ашу  жылдамдығы төмен. “Жеңіс” саябағында Shymkent Wi-Fi нүктесі арқылы интернетке қосылу орындалды. Қосылу жылдамдағын тексеру speedtest.net сервисі арқылы мүмкін болмағанымен, аналогтық сервистер жылдамдықты шығарып берді. Бұл нәтиженің қаншалықты рас екендігі күмәнді. Өйткені, жылдамдық көрсеткіші тәуір болғанымен, сайттардың ашылуы өте баяу.

 “Нұрсәт” аллеясы

Жаңа мекендегі жаңа аллеяға орнатылған Shymkent Wi-Fi нүктесінің интернетке қосылу жылдамдығы көңілден шықты. Сайттар тез ашылды.

“Нұрсәт” аллеясы

Әуелде Shymkent Wi-Fi тегін интернет желісі іске қосылғанда, әр саябақтағы нүктені 300-ден 1000 адамға дейін бір мезгілде пайдалана алады деп хабарланған еді. Интернет жылдамдығы секундына 8 Мегабит болады деп айтылған. Бірақ, тексеру барысында ешбір саябақтан жылдамдығы секундына 8 Мегабит болатын байланыс тіркелмеді.

“Абай” мен “Жеңіс” саябақтарында және “Нұрсәт” аллеясында Shymkent Wi-Fi нүктесі арқылы интернетке қосылу орындалды. “Тәуелсіздік” саябағында ноутбукпен интернетке қосылу мүмкін болмады. Бірақ, смартфонмен сайттарды “аралап шықтық”.  Орталық саябақ пен Жастар аллеясында Shymkent Wi-Fi арқылы интернетке қосылмады.

Еске салсақ, Шымкенттегі саябақтар мен  аллеяларға тегін Wi-Fi интернет нүктелерін орнату жұмыстарымен “Payda innovations” ЖШС айналысты. Бюджеттен 8 млн теңге бөлінді.

Айтпақшы, саябақтар мен аллеялардағы жұртшылықтан мұнда тегін Wi-Fi интернеті бар екенін білетін, не  білмейтінін сұрастырған едік. Жауап берген  кісілердің басым бөлігі хабарсыз болып шықты. Осы себепті де тегін Wi-Fi нүктелері бар орындарда хабарландыру тақтайшалар ілінсе деген тілек бар.

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5478