Жұма, 18 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 5170 0 пікір 7 Желтоқсан, 2015 сағат 11:15

ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ: РЕСЕЙ ЖҮК КӨЛІКТЕРІН КЕДЕННЕН ӨТКІЗЕДІ

Түркиядан әкеле жатқан жүгімен қоса Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) сыртқы шекарасынан кіре алмай тұрған қазақстандық жүк көліктерін Ресей федералдық кеден қызметі таяу күндері өткізеді деп хабарлады.

Қазақстан қаржы министрлігі мемлекеттік кіріс комитетінің жетекшісі Дәулет Ерғожин сенбі күні Facebook әлеуметтік желісіндегі парағында.

Түркиядан тауар тиелген қазақстандық ондаған көліктері Ресейдің Украинамен шекарасындағы Троебортное және Крупец, Грузиямен шекарасындағы Верхний Ларс кеден бекеттерінде 25 қарашадан бері қаңтарылып тұр. Кейбір ақпараттарға қарағанда, жүк көліктерінің біразы Ресейді айналып өтетін басқа бағытпен кетуді ұйғарған.

28 қарашада Ресей президенті Владимир Путин Түркиядан тауар әкелуге шектеу қою туралы жарлыққа қол қойған. Анкара мен Мәскеудің арасы биыл 24 қарашада Түркияның әскери-әуе күштері Сириямен шекарада Ресейдің Су-24 бомбалаушы ұшағын атып түсірген соң нашарлаған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1306
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2867
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 962
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 899