Дүйсенбі, 14 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 3708 0 пікір 17 Мамыр, 2016 сағат 11:55

РФ ЖӘНЕ ТМД. АРНАЙЫ ҚЫЗМЕТТІҢ ҚЫЛМЫС ӘЛЕМІМЕН БАЙЛАНЫСЫ БАР

Құжатта Ресей және өзге де ТМД елдерінің арнайы қызмет органдарының қылмыстық әлеммен байланысы бары айтылған.

Михаил Ходорковский жетекшілік ететін "Открытая Россия" қоғамдық ұйымының ресми сайтында 16 мамырда швейцариялық арнайы қызметтің талдау баяндамасы жарияланды. Баяндаманың датасы 2007 жылдың маусым айында деп қойылған. Онда Ресей мен бұрынғы ССРО елдерінің арнайы қызмет өкілдерінің қылмыстық әлеммен байланысы бары айтылған.

"Открытая Россия" сайтында жарық көрген баяндаманың авторлары арнайы қызметтің қылмыстық топтармен байланысына еш күмән келтірмеген. Сонымен қоса олар бұл ынтымақтастық "симбиоз" ба, әлде "оқиғадан оқиғаға өзара қарым-қатынас" болып табыла ма деген сұрақтарға жауап іздеген.

Баяндама авторларының бағасы бойынша, арнайы қызмет пен қылмыскерлер альянсының негізгі жұмысы табиғи ресурстарды шетелге экспорттау болып табылады екен.

Табиғи ресурстарды шеттелдерге экспорттау ісі бүгінгі Қазақстанда да құпия түрде жалғасып жатқанын айтады кейбір дерек көздері.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1174
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2700
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 823
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 793