Дүйсенбі, 14 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 4556 0 пікір 16 Мамыр, 2016 сағат 18:15

"ШЕКАРАСЫЗ РЕПОРТЕРЛЕР" РФ-ДАҒЫ БАҚ-ТЫҢ ТАҒДЫРЫНА АЛАҢДАУЛЫ

Редакция басшылығын жұмыстан шығару Ресейде тәуелсіз БАҚ-ты классикалық әдіспен тыйым салу деп мәлімдейді "Шекарасыз репортерлер" ұйымы.

"Шекарасыз репортерлер" тәуелсіз журналистерді қорғайтын халықаралық ұйымы Ресейдің РБК медиахолдингіне қатысты мәлімдеме жасады. Онда РБК-ның бас редакторларын жұмыстан шығару Ресейдің тәуелсіз журналистикасына үлкен соққы болып отыр делінген.

13 мамырда басшылық РБК газетінің бас редакторы Максим Солюсты жұмыстан шығарды, оның артынша холдингтің шеф-редакторы Елизавета Осетинская мен РБК ақпараттық агенттігінің бас редакторы Роман Баданинді "Путин сарайының қарсысында“ деген мақаладан кейін жұмыстарынан шеттетті.

"Ресейде тәуелсіз зерттеу жүргізіп, репортаж жасайтын кәсіби журналистер қалмады деп айтуға болады. Жаппай етек алған жемқорлық пен биліктің әрекеті барынша құпия сақталатыны байқалады" делінген "Шекарасыз репортерлар" жасаған мәлімдемеде.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1161
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2687
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 802
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 776