Сенбі, 23 Қараша 2024
Мәйекті 5572 0 пікір 15 Мамыр, 2016 сағат 20:47

АҚТӨБЕЛІК АЗАМАТ ЖЕР ДАУЫН ШЕШУДІҢ ЖОЛЫН ҰСЫНДЫ

Қазақстан Республикасының Президенті  Н.Ә.Назарбаевқа және бейбіт шеруге шақырушы қозғалыстар мен азаматтарға!

Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!

Жер Кодексіне енген өзгерістер бойынша басталған наразылықтар қазіргі күні ең қәуіпті межеге жетті. Құрылған комиссия шешімін күтпестен шеруге шақырушылар және оны қолдаушылар саны күрт артып отыр, егер жағдай осылай ушыға беретін болса, халқымыздың екіге бөлінуі және ел тұтастығына нұқсан келуі мүмкін.

Мемлекетіміздің болашағы сарапқа салынып жатқан қысылтаяң кезеңде, Сізден, өзіңіздің 
Конституциялық және лауазымдық құқығыңызды пайдаланып, төмендегідей шұғыл шешімдер 
қабылдауыңызды сұраймын:

1. Жер Кодексіне енгізілген барлық өзгерістердің күшін комиссия шешімін күтпестен шұғыл түрде жою. 

2. Билік пен халықтың арасында қалыптасқан сенімсіздікті қалпына келтіру мақсатында Сайлау туралы Заңға өзгерістер енгізу туралы шұғыл тапсырма беру және ол өзгерістерде төмендегідей аса маңызды мәселелерді қамту:

- Аудандық маслихаттан Парламентке дейінгі депутаттар құрамының 50% партиялық тізіммен,
50% жеке тұлғалардың өзін-өзі ұсынуы бойынша сайлануы;

- Барлық сайлау комиссияларының құрамының кемі 30% оппозициялық партиялар мен қозғалыстардан құралуы;

- Осы сайлау туралы Заңды өзгертуді 5-6-ай ішінде аяқтап, қабылдауды жүзеге асыру;

- Бір жыл аясында жаңа Сайлау туралы Заң негізінде жаңа депутаттар сайлауын өткізу;

- Жаңадан сайланған маслихат депутаттары дауыс беру арқылы сенаторлар сайлауын өткізу;

3. Осы уақытқа дейін өткізілген шерулерге  қатысушыларды, егер олар ешқандай ауыр қылмыс жасамаса, жазалауды және қудалауды тоқтату туралы құқық қорғау органдарына тапсырма беру.

Шерулер өткізуге шақырушы қозғалыстар мен азаматтарды жоғарыда жазылған шешімдер қабылданған жағдайда, бейбіт шеру өткізуден және басқа саяси талаптар қоюдан бас тартуға шақырамын. Ел болашағы үшін қажетті өзгерістерді жаңа қабылданған Сайлау туралы Заң аясында жүзеге асыруға күш жұмсап, өзгерістердің бейбіт жолмен жүзеге асуы - Қазақстан мемлекетінің және халқымыздың тұтастығы, билік пен халық арасындағы сенімнің қалпына келуі үшін аса маңызды екенін екі жақтың есіне тағы да салғым келеді.

Менің осы ұсыныстарыма қолдау білдіретін азаматтардың басқа пікірлері мен талаптарын жазбай, тек «Қолдаймын» деген сөзбен, өзі тұратын жері немесе телефон номерлерін жазуын сұраймын.
Басқа пікір және талаптарды тап осы кезеңде билік алдына қою - мәселені шешуді қиындатады
деп есептеймін.

Естай Жұмағазыұлы Жайлыбай, Ақтөбе қаласының тұрғыны

 Abai.kz

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5478