ЖҮЙЕ ЖАҢАРУЫ КЕРЕК
Жер дауы басылды. Біраз министрлер ауысты. Тіпті, жаңа министрлік те ашылды. Бұрын «қажетсіз» деп танылып, есігін тарс жапқан Ақпарат министрлігі қайта туын тікті. Тек, оны басқаруға тәжірибесі тапшылау адам келген секілді. Ақүйдің бір кең бөлмесінде қарайып-қатайып отыру бір басқа да, экономика мен қоғамдық өмірдің күретамырының біріндей тұтас саланың ауыр арбасын сүйрету - басқа мәселе...
Иә, уақыт бәріне төреші. Бүгінгі басты қадам бірнешеу:
1. Барлық аймақтарда жерді сату мен жалға беруге қарсы дауыс көтерген, аракідік митингтерге қатысқан адамдар қудаланбауы керек.
2. Премьер-Министрдің бірінші оранбасары Б.Сағынтаевқа тапсырылған үкімет Комиссиясының жаңа құрамына барлық облыстардың өкілдері, қоғам белсенділері, журналистер, заңгерлер, ауылшаруашылық мамандары, экономистер, қаржыгерлер, фермерлер, жазушылар кіргізілуі керек еді.
3. Аталған Комиссия жұмысының құрамы, барысы және қорытындысы қоғамға ашық айтылып, айқын жариялануға тиіс.
4. Табиғи монополист кәсіпорындардың қызметтеріне бақылауды күшейту қажет.
5. Ұлттық Қордың қызметі мен мөлшері әрдайым мейлінше жария түрде жүргізілсін!
6. Зейнетақы Қорының түсімдері талан-таражға түспесін!
7. Екінші деңгейлі банктердің «жеңілдетілген пайыздық» жалған жарнамалары арқылы халықты алдап-арбауына тиым салынсын!
...Қазақтың белгілі экономисі, қоғам белсендісі Мұхтар ТАЙЖАНның әлеуметтік желідегі жазбасы төбе шашыңды тік тұрғызады: «У Казахстана в целом внешний долг - 155 млрд. долларов США. Это системный кризис. Это результат 10 летнего очковтирательства, вместо реальной работы правительства Масимова...
У бизнесменов - дыра, кредиты платить нечем... Кризис недвижимости - обрушение цен - грозит перерасти в банковский кризис... Наша нефть становится не нужна миру, слишком дорогая себестоимость по сравнению с другим мировыми месторождениями... Новые технологии потенциально угрожают всем углеводородам...
Выход один - системные изменения экономической политики. Это могут сделать только новые люди, и абсолютно необходим новый премьер. Раз кризис системный, то и решить его можно только системными методами. Экономикой должны заняться новые люди, которых знает и которым верит народ. А коррумпированная элита должна понять простую вещь: если она не хочет, условно говоря, быть поднятой на вилы, пришла пора отказываться от коррупционных схем. Экономике, прежде всего, нужны честные правила игры. Ведь именно коррупция загнала нас всех в сегодняшнее положение. Тут прямая связь. Коррупция, как коррозия, сильно повредила каркас нашего государства, и я не хочу, чтобы он рухнул. Мы в итоге можем просто потерять Независимость. Поэтому, давайте, вместе делать абсолютно необходимые для нашего общего выживания преобразования, настоящие, а не косметические системные преобразования. Но все это надо решить мирно, в случае больших потрясений мы можем потерять страну, независимость. Такой лакомый кусочек многим бы не помешал. Все сейчас зависит от нас».
Тура сөз, дұрыс тұжырым. Жер туралы Кодекстегі өзгерістерге мараторий жариялап қана қоюмен іс бітпейді. Күнделікті қыруар жұмыс керек, әл-ауқатымызды жылдам көтерудің тәсілдері мен жолдарын талмай іздестіріп, шағын және орта бизнестің «еркін тыныстауына» жағдай туғызу қажет.
Сөзден - іске көшетін кез келді. Жақсылық пен молшылыққа жаңарған жүйемен ғана жетеміз...
Қажымұқан ҒАБДОЛЛА
Abai.kz