Сенбі, 23 Қараша 2024
Алаң 11183 0 пікір 12 Мамыр, 2016 сағат 11:01

АУЫТ МҰҚИБЕК: "КӨШІ-ҚОНДЫ РЕТТЕМЕГЕН КӘРІМ МӘСІМОВТІ СОТҚА БЕРЕМІН"

Белгілі ақын, қоғам қайраткері Ауыт Мұқибек Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлының шетелдегі қандастарды елге қайтару туралы «Көші-қон» саясатын орындауға салғырт қарайтын ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімові сотқа беретінін айтты. Ақын бұл туралы «Фейсбук» желісіндегі жеке парақшасында мәлімдеген.

Қазіргі таңда  тұрақты тіркеуге тұру үшін Ішкі істер министрлігі Көші-қон полициясы талап ететін соттылық туралы «анықтама» Қытайдан келген қандастарымызға кедергі болып отырғандығы туралы жазған едік.

Жақында «31» арна жаңалықтары Алматыдағы бір топ этиникалық қазақ құжат рәсімдеудің қиындығын айтып, азаматтық алудың азапты жолынан қажығандықтарын жеткізгенін хабарлады.

Қытай тарапынан мүлде берілмейтін анықтаманы талап ететін ресми орындар көшіп келетін қандастардың жолын бөгеп тұр дейді. Тіпті, құжат мәселесі реттелмей Қазақстанға келгендердің біразы Қытайға қайта көшіп кетіпті. Ал Кәрім Мәсімов тізгінін ұстап отырған Қазақстан Үкіметі азаматтық алу жайын әлі де біржақты реттеуге асығар емес.

Ауыт Мұқибек, Қоғам қайраткері, ақын:

- Негізі, бұл кедергіні құқықтық - нормативтік кұжаттар арқылы Қытайдан келген қандастарымыздан талап етілмейтіндей етіп реттеуге әбден болады.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №992 бұйрығымен бекітілген «ШЕТЕЛДІКТЕРГЕ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҒЫ ЖОҚ АДАМДАРҒА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА УАҚЫТША ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ТҰРУҒА РҰҚСАТТАР БЕРУ ҚАҒИДАЛАРЫНЫҢ» 10 тармағының 7) тармақшасына (босқындар деп танылған немесе Қазақстан Республикасында пана ұсынылған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды және егер халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, Қытай Халық Республикасынан келетін этникалық қазақтарды қоспағанда);  деген ескертуді қоса салса жетіп жатыр.

Бұл анықтаманы Қытайдан келетін этникалық қазақтардан талап етудің қажеті жоқ!

Өйткені, Астанадағы Қытай елшілігінің ҚР Сыртқы істер министрлігінің Консулдық департаментіне осы «Соттылық» мәселесіне орай берген жауабында  «Паспорттарды беру туралы» 2006 жылғы 29 сәуірдегі ҚХР Заңына сәйкес бұл санаттағы Қытай азаматтарына ұлттық паспорттар рәсімделмейді (ақпарат қоса тіркелген) (Сіздің 25.09.2015 жылғы 8-8-4-43/2758-И хатқа) делінген!

Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев жолға қойған Ұлт жоспары – «100 НАҚТЫ ҚАДАМ» бағдарламасының II. бөлімінде ЗАҢНЫҢ ҮСТЕМДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ көзделген.

Соған байланысты, осы мамыр айының 16-күнінен бастап, екі апта ішінде Үкімет бұл мәселені жоғарыдағыдай етіп реттемесе, Премьер-министр Кәрім Мәсімовті сотқа беретінімді мәлімдеймін! Сол үшін, осы мәселеге мүдделі және жанкүйер қандастарымыздың маған хабарласуын өтінемін.

Нұрзат Тоғжан

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434