Сенбі, 23 Қараша 2024
Мәйекті 4871 0 пікір 10 Мамыр, 2016 сағат 09:43

ДЫРАУ АРҚАНДА ДАРАШЫ БОЛЫП ЖҮРГЕНІНЕ 26 ЖЫЛ...

Демалыс қой деп түске дейін ұйқы арсызбен арпалысып жатқанда, Елбасымыз Мәскеуде жүр екен. Биыл Путин еш елдің басшысын шақырмағанда, басқалар да келуге аса ықтияр болмағанда, Елбасы өзі барыпты. Елдің бәрі Ресейден теріс айналып, игнор қойып жатқанда жалғыз барудың жөні қалай болар екен деп әбден қиналған шығар…
Қайтеді енді, көрші хақысы. Жаралы аюдың көңілін аулау керек. Жүрегін орнықтырып, тамырын басып кету керек мұндайда. Әйтпесе, сіз сияқты түске дейін керіліп жатса, кім қой депті…
Ресейге барса, енді Қытайдың кілтін бұрап қайту керек, оған барса, АҚШ алаңдап қалады, бұл мезетте түркі дүниесі сағынып, Араб әлемі де араз болып үлгереді. Еуропаға да есесін беріп отыру керек. Бұқара мұнда жер деп отыр...
Филипп Петиге әлем Нью-Йорктегі қос мұнараның үстіне керілген арқанның үстінде 45 минут жүргені үшін қол соғады. Ал Елбасының қаншама бітіспес әлемнің, жау мен достың, халық пен биліктің үстінен керілген дырау арқанда даршы боп жүргеніне 26 жыл...
Ішім сезеді, бұл әлгі қыларқанда тепе-теңдік сақтап тұрудан да қиын-ау, қиын
Өркен Кенжебек,
FB әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды.

Президент Назарбаевтың жеке ұшағы – алысқа ұшатын, жолаушылар тасымалдайтын заманауи  Airbus. Моделі 330-243.

Ұшақтың ұзындығы – 59 метр, биіктігі – 17,9 метр. Қанатының көлемі – 60,3 метр. Жалпы қос қанатының ауданы – 361,6 шаршы метр.  Ұшақтың  салоны -  335 шаршы метр.  Ұшақтың ұшу мүмкіндігі күніне 12 250 шаршы шақырым. Ұшақтың зауыттан шыққандағы нөмірі: 863. 2007 жылы 20 қыркүйекте  алғаш рет ұшты. Comlux Aviation компаниясының өнімі. Борттағы 3B-TSL  нөмірі бойынша Маврикия мемлекетінде тіркелген.  Экипаж мүшелерін есепке алмағанда, ұшақтың салонына  60 адам сияды. Пайдалануға берілгеннен кейін ұшақтың ұшу мүмкіндігі 15 400 шаршы шақырымға дейін артты. 2010 жылдың наурыз айында авиаборт UP-A3001 нөмірімен қазақстандық тіркеуге алынды.   

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394