Сенбі, 23 Қараша 2024
Міне, әңгіме! 4389 0 пікір 8 Мамыр, 2016 сағат 15:05

ҚЫЗМЕТТІК МІНДЕТІН АТҚАРУ КЕЗІНДЕ ҚАЗА БОЛҒАНДАРҒА ҚҰРМЕТ

Алматы облыстық ІІД-де Отан қорғаушылар күніне және Жеңіс мерекесіне орай қызметтік міндетін өтеу кезінде қаза тапқан полиция мамандарының есімдері жазылған мемориалды стеланың ашылу салтанаты өтті. Шараға ішкі істер органдарының ардагерлері, тақтаға аты жазылған қызметкерлердің отбасыларының мүшелері қатысты.


Қатысушылар ерлерді бір минуттық үнсіздікпен еске алып, қарудан аспанға оқ атылды.

Шараның ашылу салтанатында Алматы облысының әкімі Амандық Баталов құттықтау сөз сөйледі. ІІД ардагерлері мен қызметкерлерін құттықтаған облыс басшысы ерен ерлік иелерінің есімі көпшіліктің жүрегінде қалатынын айтып өтті.

- Біз өзіміздің қаһармандарымызды ұмтыпаймыз. Олардың есімдері тарихта алтын әріптермен жазылып қалады және жадымызда ұзақ сақталады. Алдымызда Ұлы Жеңістің 71 жылдығы. Осы мерейлі мерекеде ерлік істері ғасырдан ғасырға жеткен ардагерлерімізге құрмет көрсетеміз. Олардың қажыр-қайраты, табандылығы, Отанына деген шексіз махаббаты - бізге жарқын үлгі. Біздің басты мақсатымыз – оларды құрметтеп, жан-жақты қолдау көрсету. Аталарымыз бен әкелеріміздің даңқы жолын жалғастырып, Отан қорғау шебінде, тыныштық пен бейбітшілік күзетінде тұрған бүгінгі жас буын сарбаздарға да айтар алғысымыз зор. Бүгінгі салтанатты шараны пайдалана отырып, баршаларыңызды алда келе жатқан мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Сіздерге мықты денсаулық, молшылық, бақ-береке тілеймін, - деді А. Баталов.

Салтанатты жиын облыстық ІІД бастығы, полиция генерал-майоры Мұрат Ұрымхановтың сөзімен жалғасты. Қатысушыларды құттықтаған М. Ұрымханов үздік қызметкерлерге түрлі деңгейдегі наградалар тапсырды. Қызметтік міндетін мүлтіксіз атқарған полиция мамандары медальдармен, төсбелгілермен, құрмет грамоталарымен, алғыс хаттармен марапатталды. Олардың спорттағы жетістіктері де аталып өтілді. ҰОС ардагері, Алматы облысының Құрметті азаматы, милиция генерал-майоры Әбдіқадыр Болсамбековтің құрметіне мини футболдан жыл сайынғы өткізілетін турнирдің жүлдесі берілді. Сондай-ақ қызметтік міндетін атқару барысында қаза болған қызметкерлер отбасыларының мүшелеріне бағалы және ақшалай сыйлықтар табыс етілді.

Жиынның соңында көпшілік ІІД-нің өткен жылы ашылған мұражайын аралады. 

Abai.kz

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5392