Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4946 0 пікір 6 Мамыр, 2016 сағат 16:38

АСЫЛЖАН МАМЫТБЕКОВ ТЕ ОТСТАВКАҒА КЕТТІ

Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков отставкаға кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы министрліктің ақпараттық дереккөзі хабарлады.

Мамытбеков 2011 жылдан бері ауыл шаруашылығы министрі қызметін атқарды. 2008-2011 жылдары "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі акционерлік қоғамының басқарма төрағасы қызметінде болды. 2007-2008 жылдары Қазақстан премьер-министрінің канцеляриясы басшысының орынбасары болды. Сонымен қатар, ол Астана қаласының әкімі, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, Қостанай облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды.

Айта кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы Асылжан Мамытбековке соңғы ескерту жасаған болатын. Ол Мамытбековтің қызметіне толықтай сәйкестігі толық деңгейде емес екенін айтты.
Abai.kz

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5387