Сенбі, 12 Қыркүйек 2026
Деп жатыр 5272 0 пікір 22 Сәуір, 2016 сағат 10:31

НИКОЛАЙ БАСКОВ: "МЕН ҚАЗАҚСТАНДЫ ЖАҚСЫ КӨРЕМІН. СІЗДЕРДЕ БАЙЛАР КӨП"

"Қазақстан аруы-2014" Регина Вандышева Мәскеуде  өткен "Ресей аруы-2016" сұлулық байқауына қатысты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Өнер көрсетіп жатқан кезінде ресейлік әнші Николай Басков Қазақстанның ең сұлу қызына жақындап келіп, оны биге шақырды. "Есіміңіз кім? Сіз "Қазақстан аруысыз" ба? Мен Қазақстанды сондай қатты жақсы көремін! Сіздерде байлар көп. Мәскеуде не істеп жүрсіз? Барлығы қазір Қазақстанда жүр ғой", - деді эфирде Басков. 

Регина Вандышева сұхбатында ресейлік сұлулық байқауынан қатты әсерленгенін айтты. "Николай өте көңілді әрі ашық адам. After-party өтіп жатқан кезде ол барлығымызға гүл сыйлады, мақтау сөздер айтты. "Ресей аруы" байқауына келгеніме қуаныштымын, жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Мені София Никитчук шақырды, біз ол екеуміз Қытайдағы "Әлем аруы-2015" байқауына бірге қатысқан едік", - деді Вандышева.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1099
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2640
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 766
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 733