Дүйсенбі, 14 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 3663 0 пікір 18 Сәуір, 2016 сағат 08:32

ҰҚКШҰ Бас хатшысы Душанбеге келді

Тәжікстанның қорғаныс министрлігіндегі дереккөздің мәлімдеуінше, 20 сәуірге дейін созылатын ресми сапарында ҰҚКШҰ Бас хатшысы Тәжікстан басшылығымен кездеседі және ҰҚКШҰ-ға мүше елдердің қарулы күштерінің барлау әскері мен құралдарының «Із кесу-2016» оқу-жаттығуларының ашылуына қатысады.

Оқу жаттығулары 18-22 сәуір аралығында Тәжікстан қарулы күштерінің «Магоб» оқу орталығының полигоны мен осы елдегі Ресей әскеріне тиесілі «Ляур» сынақ алаңында өтеді.

Орталық Азия жаңалықтар Қызметі оқу жаттығуларына Ресей,Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан, Армения және Тәжікстан қарулы күштеріндегі әскери, арнайы, радиоэлектронды, әуе және өзге де барлау әскерінің басқармалары мен бөлімдерінен 1500 әскери қызметкер қатысатынын хабарлайды.

Әскери шара ҰҚКШҰ-ға мүшеелдердің біріккен әскеріндегі барлау деректерін жинау, талдау және өңдеу жүйесін жетілдіру мақсатында өткізіледі.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1177
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2702
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 824
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 794