Бейсенбі, 31 Қазан 2024
Мәйекті 3929 0 пікір 18 Сәуір, 2016 сағат 07:20

Мухаммад Рашид Taрар: ҚАЗАҚСТАН ФЕОДАЛИЗМНЕН САҚТАНУЫ КЕРЕК

Мухаммад Рашид Taрар, Пәкістан фермері: ҚАЗАҚСТАН ФЕОДАЛИЗМНЕН САҚТАНУЫ КЕРЕК 

Қазақстанда жер жекешелендірудің жаңа дәуір басталып жатыр. Үкімет фермерлерге жерді бөліп бермек. Кедей адамдарға бұл жағдай үлкен мүмкіншіліктер береді. Оларға көп тер төгу қажет. Қазақстан халқының арасында жекеменшікке жер бөлу  туралы шешім қабылдады. Өйткені, жекешелендіру  белгілі бір дәрежеде өз пайдасын тигізеді.

01. Жерді  жекешелендіруден  кейін дамыуымыз жылдамырақ болады және қаржылық кіріс көтеріледі. Ауыл шаруашылығы пәрменді және тиімді түрге өседі. Көп және сапалы өндіру үшін фермерлер арасында бәсекелестік күшейеді, бұрын пайдаланылмаған жерлер игеруге септеседі.

02. Фермерлер шын бәсекелестікке түседі. Себебі бұл кәсіп өте қиын жұмысты, қажырлылықты және табысты еселеп арттыруды мақсат еткенде ғана өз жемісін береді.  

03. Мемлекет те өз пайдасын салықтар арқылы алып отыратын болады.

04. Елде ауыл шаруашылық саудасы  дамиды және жаңа жұмысқа, бизнеске мүмкіндіктер пайда болады.

05. Елге импорт азаяды және экспорт бірнеше есе ұлғаяды.

06. Фермерлерде  кіріс ретінде қосымша ақша  пайда болады. Фермер үшін ауыл шаруашылығы жақсы табыс көзі болып, жекеменшік кедейлерді мен жалқауларды азайтады.

07. Химия өнеркәсібі, ауыл шаруашылығына қатысты түрлі бағытты салалар жылдам өсетін болады.

Қазақстан үкіметі аталған  проблемаларды өзі жүргізу және қадағалап отыру қажет .

1. Әр ауданда өз жер телімінің өлшемі болу керек және жер бөлісу әділеттілікпен жүруі қажет.

2. Жер телімдерін межелеуде Пәкістанада бірнеше кісі өлтіру оқиғалары кездескен.

Сол себепті фермерлер жер бөлу ісінде дайындау керек. Ол үшін жұмысты бастамас бұрын оларды оқыту қажет.

3. Үкіметтің халықтан, мәселенки, бидай сатып алса да, ол іс жариялы түрде өту  керек.

5. Экспорт ісін мемлекет жүргізеді. Фермер өнімін мемлекетке сатады, ал  мемлекет шетелдерге сатады.

6. Ауыл шаруашылық техникаларын фермерлерге мемлекет субсидиялайды.

аударған Әзімбай Ғали

Abai.kz

0 пікір