Бейсенбі, 31 Қазан 2024
Жаңалықтар 3468 0 пікір 15 Сәуір, 2016 сағат 09:20

Қырғызстандағы "жұма дауы"

Қырғызстан парламентіне жұма намазы кезінде түскі астың үзілісін 12.30-дан 14.30-ға дейін созуды көздейтін заң жобасы түсті. Бастамаға қарсы болғандар Қырғызстанның зайырлы мемлекет екенін еске салады.

Парламент депутаттарының көпшілігі заң жобасы мемлекеттік органдар мен жеке кәсіпорындардағы қызметкерлер мен жұмысшылардың құқықтарын ескере отырып әзірленгенін айтады. Заң жобасына қарсылар зайырлы мемлекеттің діни ережелермен емес, азаматтық заңдармен өмір сүретінін ескертуде.​

Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасы заң жобасына қолдау білдірді.Қырғызстан мүфтиінің орынбасары Әкімжан Эргешов дін ұстантындардың дін талаптарын орындауы керектігін, бірақ осы үшін заңды бұзуға мәжбүр екендерін айтады. Жұма намазына қатысам деп жұмыстан кешігіп, аяғында жұмысынан, табысынан айырылып жатқандар аз еместігін мысалға келтіріп, заң жобасы осы олқылықтың орнын толтырар еді деген сенім білдірді.

Қазір қоғамда жұма намазына қатысты пікірталас қызған. Көпшілік мемлекеттік мекемелерде намазхана барын айтып, шенеуніктерге болмаса кабинаттерінде намаз оқуға кеңес беруде. Оның үстіне жұма күні түстен кейін депутаттар мен шенеуніктерді жұмыс орнынан табу мүмкін емес. Қарапайым анықтама алу үшін мемлекеттік мекемеге келгенде көп маманның орнын сипап қаламыз дейді жұртшылық.

Абай-ақпарат

0 пікір