Бейсенбі, 31 Қазан 2024
Мәйекті 5113 0 пікір 14 Сәуір, 2016 сағат 18:16

РЕСЕЙ ҚЫРЫМ ТАТАРЛАРЫН ҚЫСПАҚҚА АЛЫП ЖАТЫР

РФ Бас прокуроры Наталья Поклонская Ресей  аннекциялап алған Қырымдағы жергілікті татарлар Мәжілісінің қызметін тоқтату туралы бұйрық берді,-деп хабарлайды  ТАСС агенттігі.

Бұйрық енгізілген құжаттың бір көшірмесі Қырым татарлары кеңесінің басшысына тапсырылған. Онда: «РФ Заңнамаларына сәйкес және маған жүктелген өкілеттіліктерге сүйене отырып, Ресей Федерациясы заңнамаларында көрсетілген ережелердің бұзылуының алдын алу мақсатында «Қырым татарлары Мәжілісі» бірлестігінің қызметін тоқтатуды бұйырамын»,-дейді Поклонская.


Қырымның Бас прокуроры Натаьля Поклонская РФ Федералды Заңының 9-10 баптарын негізге алған. Бұл баптар бойынша «Экстримистік ұйымдардың қызметіне шектеу қою және алдын алу» шаралары қолданылады.

Тіпті, Поклонская «Қырым татарлары Мәжілісін» РФ Территориясында тыйым салынған діни және қоғамдық ұйым санатына қосуды талап етіп, РФ Әділет министрлігіне хат жолдаған.

Қырымның Жоғарғы сотының қаулысы бойынша, «Қырым татарлары Мәжілісінің» қызметін тоқтату шараларына мыналар кірген:

-         Мемлекеттік және муниципалдық БАҚ-ты пайдалануға;

-         Қоғамдық іс-шаралар (мейлі ол мәдени шаралар болса да) өткізуге;

-         Банктік есеп-шоттар ашуға;

-      Қандай да бір ұйымдасқан іс-шаралар өткізуге,- Ресейдің Федералды Заңнамалары бойынша тыйым салынған.

 Ал Қырым татарларының Мәжілісі Поклонскаяның үкіміне қарсы шағым түсірмекші. Бұл туралы аталған ұйым өкілі, құқық қорғаушы Жемил Телімшев мәлімдеді.

Айсұлу Тұрсынбаева

Abai.кz

0 пікір