Сенбі, 23 Қараша 2024
Уақ-түйек... 5886 0 пікір 13 Сәуір, 2016 сағат 16:01

ҒАЛАМТОРДА РЕСЕЙЛІК АЛАЯҚТАР ҚАПТАП КЕТТІ

Кеден Одағына мүше болғалы көптен күткен жақсылықтармен бірге сан соқтырар жамандықтардың көші де ілесіп келді.

Солардың ішінде қарапайым адамдардың денсаулығы мен қаражат құртатын, жүйкесін тоздыратын алаяқтардың құрған тұзақтары бізге де жетті.

Интернет желісінде өте көп жарнамаланатын кез-келген тауарды алаяқтардың өнімі десе болады. Әсіресе дәрі-дәрмектер мен косметика. Жақында ғана жүрек, қан тамырлары ауруларына ем болады деп атышулы Салтанат Байқошқарованың атынан сұхбат жасап, NormaLife дәрісін жарнамалаған болатын. Құрметті дәрігер Салтанат Байқошқарова осы өтірік жарнамаға жаны күйіп Денсаулық сақтау министрлігінің сайты арқылы халыққа үндеу жазды. «Аталмыш дәрінің денсаулыққа зияны болмаса, пайдасы жоқ, алаяқтардың алдауына түсіп қалмаңыздар» деп шақырған болатын. Ал алаяқтарды жазалау мүмкін болмай отыр.

Оларды ғаламтордың ешқандай бұрышынан ұстап аларлық қауқар жоқ. Керсінше, осыған ұқсас пайдасыз тауарларын жарнамалап қайта-қайта қарапайым адамдарға тұзақ құруда. NormaLife, Intoxic тағы осыған ұқсас дәрілердің және т.б. жарнамасын көре қалсаңыз, тапсырыс беруге асықпаңыз. Сіз қаражатыңызды алаяқтардың қалтасына салып беруіңіз әбден мүмкін. Ал қолыңызға тиген дәрінің еш пайдасы жоқ болады.

Кеден Одағы ашылғалы Ресейде белең алған алаяқтық Қазақстанға ағылды. Автокөлік, техника, дәрі-дәрмек, тағы сол сияқты қажетін алуға Ресеймен байланысқан көптеген азаматтарымыз қалталары қағылып келгендері жасырын жайт емес. Бүгінгі таңда Ресей ел ішіндегі алаяқтық қылмыстармен әлемнің алдыңғы қатарында тұр. Қара делдал (черный реалтер), сұр делдал (серый диллер), қанышер коллектор деген сияқты өздерінің қалыптасып қалған терминдері де бар.

Ең бірінші белгісі, олар сіздің телефоныңызға өздері қоңырау шалады. Сіз өзіңіздің телефон нөмірініңізді олардың интернеттегі сайтына жазып қалдырасыз. Ал сіз олардың телефон нөмірлеріне түсе қоюыңыз екіталай. Сізге өздері хабарласып, тіпті дәрігерлік кеңес беріп, соншалық биязы әңгімеден кейін әп-сәтте құрбандыққа айналып кете барасыз. Ар жағынан кеңседе отырған білікті дәрігердің кеңесін алдым деп ойлап қалуыңыз ғажап емес.

Құрметті Отандастар, өзімізге барынша берік болмасақ, алаяқтарды ұстап тұзақтайды деуге үміт жоқ. Абай болыңыз!

Гүлжан Ізтаева

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5520