Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 8127 0 пікір 11 Сәуір, 2016 сағат 11:06

Э.ЛИМОНОВ: "ҚАЗАҚСТАННЫҢ «ОРЫС ҚАЛАЛАРЫ» РЕСЕЙ ҚҰРАМЫНА ӨТУІ КЕРЕК"

«Русская планета» сайтында ресейлік жазушы, «Басқа Ресей» (Другая Россия) партиясының жетекшісі Эдуард Лимоновтың «Идеяльная Россия» атты мақаласы жарияланды, – деп жазады Qamshy.kz басылымы.

Бұл мақалада Э.Лимонов Ресейдің болашағын болжап бұрынғы КСРО құрамында болған елдер мен олардың жерін Ресейге қосу керектігін ашық айтқан.

Ол: «Украинаны Польша, Венгрия, Румыния, Словакияның көмегімен күл-талқан ету керек. Яғни, КСРО 1939-1946 жылдары алып берген аумақты қайтадан тартып алу қажет. Украинаға Киевтің айналасындағы 9 облыс жетеді» дей келе бұл елдерге аумақтық талап қоюдың оңай еместігін, алайда «мүмкін емес» деуге мүлдем болмайтынын айтады.

Лимоновтың пікірінше, Венгрия мен Словакия, Румынияға да «түсіндіру» жұмыстарын жүргізу керек екен.  Лимонов Украинаның орыстар тығыз қоныстанған Харьков, Одесса, Запорожье, Херсон, Николаев облыстарынан басқа аумағын аталған елдерге бөліп беру арқылы оларды Ресейге қаратып алуға болады деп санайды.

Осылай дей келе ол «АҚШ пен НАТО қолтығына тығылған Балтық жағалауы елдерінің Ресейге мүлдем керек емес» екенін айтады.

Балтыққа қызықпаса да Ресей көз алартатын басқа аумақ бар. Ол – Қазақстан. Қазақстанның солтүстігі, батысы мен шығысындағы қалалар!

«Ал, шекарадан тыс, Қазақстанда қалып қойған орыс қалалары бізді қызықтырады. Оралдан бастап Өскеменге дейінгі орыс қалалары түгел Ресей құрамына өтуі керек», - дейді Э. Лимонов.

Ол мақсатқа жету үшін, Лимонов Қазақстанда тұратын орыс диаспорасын пайдалануды ұсынады.

«Қазақстанда қазір 4 миллионнан астам орыс тұрады. Бұл – қазақ билігінің қасақана кемітіп көрсеткен сандары. Қазақ халқының әкесі, біз үшін аса құрметті, Нұрсұлтан Назарбаев дүниеден өткен соң, Қазақстанда элита бір-бірімен соғысады. Сол кезде орыс қалаларында жергілікті реферандумдар өткізетін, оларды Ресейге қосатын тамаша мүмкіндік туады», - деп отыр «Басқа Ресей» басшысы.

Э. Лимонов  алда болуы ықтимал референдумдардың нәтижелерін де жайып салған.

«Оған қазақтар келісе ме, келіспей ме, ол – өздерінің шаруасы. Бірақ, оларда басқа баратын жер, басатын тау жоқ: мұнай мен газға, сирек металға бай Қазақстанға көз тігіп Қытай тұр. 17 миллион ғана халық, оның жартысы қазақтар емес (онда әлі миллиондаған немістер бар), алып елге ие бола алмайды. Оларға көмектесейік. Артық жерін алайық», - деген сөздер ресейліктердің біздің елдегі ішкі саяси ахуалды мұқият қадағалап отырғандығының, қажетті жоба-жоспарларды құрып қойғандығының дәлелі емес пе?!

Сіз не дейсіз?

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1481
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475