Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4006 0 пікір 4 Сәуір, 2016 сағат 14:33

АҚШ ПЕН БҰҰ ҚАРАБАҚТАҒЫ ШИЕЛЕНІСТІҢ УШЫҒУЫН АЙЫПТАДЫ

АҚШ Таулы Қарабақтағы әскери қимылдарды айыптап, оны одан әрі ушықтырмауға шақырды. Бұл туралы мемлекеттік хатшы Джон Керридің мәлімдемесінде жарияланды.


Джон Керридің мәлімдемесінде: «Құрама Штаттар Таулы Қарабақ сызығындағы оқ атуға салынған тыйымның кең көлемде бұзылғанын, соның нәтижесінде бейбіт тұрғындардың қаза тапқанын айыптайды. Біз тараптарды байсалдылыққа, жағдайды одан әрі шиеленістірмеуге және оқ атуды тоқтату туралы келісімді қатаң сақтауға шақырамыз.», - делінген.

Керри тұрақсыз ахуалға байланысты әзірбайжан мен армян тарабына ЕҚЫҰ Минск тобының тең төрағаларының (Ресей, Франция және АҚШ) жетекшілігімен келіссөздерді бастауды ұсынды.

БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун да жауласқан тараптарды қарулы қақтығысты тоқтатуға және жағдайды тезірек тыныштандыруға шақырды. Түркия премьер-министрі Ахмет Дәуітоғлы Әзірбайжан президенті Илхам Әлиевке қоңырау шалып, Анкараның қолдауын білдірген. Иран Баку мен Ереванды сабырға шақырды. Грузия Армения мен Әзірбайжанға араағайын болуға дайын екенін мәлімдеді. Қазақстан жағдайға алаңдаушылық білдірді.

2 сәуірге қараған түні қарабақ-әзірбайжан шебінде кескілескен қақтығыс туды. Екі жақтан да әскери және бейбіт тұрғындар арасында қаза болғандар бар. Тараптар бітім туралы келісімді бұзғаны үшін бір-бірін айыптайды..

Таулы Қарабақ пен Әзірбайжан арасындағы жағдай шиеленіскен қалпында тұр. Баку қарулы қақтығыс кезінде 12 әзірбайжан әскери қызметшісінің қаза тапқанын хабарлады. Ереван армян қарулы күштерінің 18 сарбазынан айырылғанын мәлімдеді.

Abai.kz 

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5373