Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 4734 0 пікір 31 Наурыз, 2016 сағат 10:37

САМАРҚАНДЫҚТАР ГАЗ ҚҰБЫРЛАРЫН ЗАҢСЫЗ КЕСУГЕ ҚАРСЫЛЫҚ КӨРСЕТУДЕ

Самарқанд облысы Булунгур ауданы Булунгур арық ауылының 150-ден астам тұрғыны газ құбырларын заңсыз кесуге наразылық танытып көшеге шықты.

Жергілікті тұрғындар өз ақшаларына орнатылған газ құбырларын кесуге жол бермейтінін айтып, жергілікті биліктен газбен жабдықтау кәсіпорны қызметкерлерінің ауданнан кетуін талап етті.

Ауыл тұрғынының бірі бірнеше жылдан бері пайдаланып келе жатқан газдың кенеттен жоғалып кеткенін айтады.

«Бірақ халық жағдайдың оңаларына, мына құбырлар арқылы ауылымызға қайта газ келетініне үміттенеді. Ал жергілікті билік халықтың ақшасына орнатылған екі шақырымдық газ құбырын сатып, ақшаны қалтасына баспақ», – дейді ол.

Булунгур аудандық газбен жабдықтау кәсіпорнының бастығы Тахир Булунгур арық ауылының тұрғындары жұмысшыларына газ құбырын кесуге жол бермей қойғанын растады.

“Бізге аудан әкімі газ келмейтін жерлердегі газ құбырын кесіп алып, оларды газ жеткізілген аудандарда пайдалануды бұйырған. Бұл құбырлар газбен қамту кәсіпорнының меншігінде тұр. Алайда ауыл тұрғындары біздің жұмысымызға кедергі келтіргендіктен, жұмысымызды тоқтаттық», - деді Сулайманов.

Соңғы кездері Өзбекстан тұрғындарының арасында электр қуаты мен газ тапшылығына байланысты наразылықтар жиі туа бастады.

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5321